АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ Ш.КАКИЖАНОВА АҚЖАЙЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мүддені қорғау және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алдын алу тетіктерін дамытуды мақсат ететін теңгерімді сыртқы саяси бағытты ұстануға ниетті. Қалыпты сыртқы саясат еліміздің экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтады», - деді Ш.Какижанова. Сонымен қатар бағдарламада халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға басымдық берілгені кеңінен сөз болды. Өйткені аталған құжатта көптеген қазақстандықтар үшін өзекті саналатын баспана мәселесін шешудің тиімді жолдары қарастырылғанын айтып, ауыл тұрғындары 20 қараша күні Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдайтынына сенім білдірді. #Toqaev2022
