Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОТАНЫМЫЗ – БІР

«Барлық шешімді екшеп, ашық әрі әділ, ең бастысы – қоғам мүддесі мен талабын ескере отырып қабылдаймыз». Көпшіліктің сұрап жүрген, іштей тілеп, күтіп жүрген бүкпесіз шындығы. Бұл сөздер Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 7 жылға арналған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында орын алған. Сайлауалды тұғырнамада елдің дамуы мен өркендеуі ең қажетті 18 сектор әдейілеп алынған. Саяси жаңғырудан бастап экологиялық тазалыққа дейінгі сан-сала қамтылған.

Жылдары нақты, цифрлары ауқымды. Елдің қауіпсіздігі, әділ сот төрелігі, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым, цифрлық дамудың мүмкіндіктері егжей-тегжейлі көрсетілген. Білім мен мәдениеттің өркендеуі, заманауи медицинаның қолжетімділігі, халықтың әлеуметтік қорғалуы нақты айтылған.

Жаңа, әділетті Қазақстанның өрге басуына қажетті факторлар мен мақсаттар айқындалған. Осының барлығының іске асуы үшін ауызбіршілік керек әрине.

Әлемдік геосаяси ахуал күрделіп тұрған кезеңде сырт пен іште беделге ие, дипломаттың жанына топтасу қажет. Менің көріп отырғаным – Тоқаев.

Елде жаңа реформалар орын алсын деген әр адам хал-қадірінше елдің дамуына үлес қосқанда ғана ортақ құндылықтарымыз орындалмақ. «Отанымыз – бір, халқымыз – бір, мемлекетіміз – бір» деген асыл қағиданың мәні де осы.

Исатай Құрмашев

#Toqaev2022

Қ.Тоқаевтың бағдарламасымен толық танысқыңыз келсе төмендегі сілтеме арқылы өтіп, оқып алуыңызға болады.

https://toqaev2022.kz/?utm_source=zko&utm_medium=zko...

0
0
142

Еще по теме

ОТАНЫМЫЗ – БІР - Yvision.kz