ЖЕКЕ КЕЗДЕСУ
Халықтық коалиция атынан ұсынылған кандидат Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын штаб мүшелері Габдулин Есетай, Бейсова Айбарша Бөрлі ауылы тұрғындарымен жеке кездесу өткізді. Абекешов Мұрат зейнеткер, еңбек ардагері жұбайы Ғайнулина Гүлсім көп балалы ана, алтын алқа иегері. Сондай-ақ ауылдың Жас анасы Кусаналиева Гулназ көп балалы ана мен кездесіп кандидатымыздың бастамалары туралы айтылып, насихаттап, әр қағидатқа жеке тоқталды. Өз кезегінде сөз алған ауыл үлкендері және жас ана Қ.Тоқаевтың бағдарламасын толық қолдайтындықтарын айтып, бастысы елдің тыныштығы мен бейтбішілігі, ұрпақтың амандығы тілейтіндіктерін жеткізді. Дауыс беру басты мақсатымыз және әр адамның дауысы маңызды деп сенімдерін білдірді.
#Toqaev2022
