МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері Б.Джумагулова және Л.Кайргалиева медицина сала қызметкерлерімен кездесті.
Штаб мүшелері елімізде Тәуелсіздік алғаннан бергі жасалып жатқан оң өзгерістерді, кандидаттың ел экономикасын өркендетуге қосқан үлесі жайында баяндап, әңгімеледі. Сондай-ақ осынау сындарлы шақта байыпты шешім қабылдау қажеттігін айтып, кандидаттың бағдарламасында халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын баяндап берді.
#Toqaev2022
