Ғалия медресесінің мерекесі
Білім беру негізінде медреселердің үлкен қызмет атқарғаны барлығымызға мәлім. Қай ақын-жазушыны, білімді тұлғаларды көрсе, барлығы медреседен бастап, зейіндерін ашқан. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан сыңды ағартушыларымыз өз жазбаларында араб сөздерін қолданады. Яғни, медреселерден білім алған жандардың жазбалары мен сөздері ғасырлар бойы ел жадында қала бермекҚазақтардың білім алу кезеңі де медреседен басталған. Ол араб тілінен аударғанда “оқу орны” деген мағынаны білдіреді. Ресей патшалығының отаршылдық әсерінен қазақ қоғамы білім саласынан артта қалған. Адамзаттың мұсылмандық дүниетанымын ашатын медреселер халықты тек білімге ғана емес, ұлттық құндылықтарымызға, салт-санамызға, наным-сенімімізге тікелей әсер етеді. Солардың бірі - 1906 жылы негізі қаланған «Ғалия» медресесі…
