Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасынан кешірім сұрағым келеді
«Арыстан» арнайы жасағының бұрынғы командирі Еділ Әбікенов «Азаттыққа» сұхбат берді.

Ол Алтынбек Сәрсенбайұлын және оның көлік жүргізушісі мен күзетшісін қандықол қасапшылардың алдына апарып берген еді. Сол үшін өзге бес әріптесімен берге сотталды. 14 жыл түрмеде отырып шықты.
«Көкейде жүрген нәрсе ғой. Өзімнің жағдайым жоқ. Жағдайым болса, ағасының (Рысбек Сәрсенбайұлы - ред.) алдынан өтіп кешірім сұрайын дегенмін. Бірақ ол кісі бізді түсіне қоймайтын шығар. Үнемі қарап жүрмін. «Агрессивный» кісі. Ол кісіні де түсінуге болады. Содан кешірім сұрасам. Сосын Байбек Байбосыновтың отбасынан кешірім сұрасам. Журавлевтің отбасынан. Ол енді арманым ғой. Көмектессем деген ой бар. Бірақ өзімнің жағдайым жоқ. Соның бір жолын таппай жүрмін. Кешірім сұрап, алдарынан өтіп... Біз өлтірмесек те, соған қатысымыз бар болып қалды ғой. Сол маза бермейді үнемі», – дейді Еділ Әбікенов.
Толық сұхбатты мына жерден көре аласыздар.