Перейти к содержимому

"Қазақ қарындастарымызға" фельетоны хақында

Фелетон термині Қазақ жерінде алғаш 20 ғасырдың бас кезінде пайда болды. “Айқап” журналы өзінің негізгі бөлімдерінің бірін фельетон деп атап, онда қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы әр түрлі мақалалар, көркем әңгімелер, тарихи деректер жариялап отырды. Соның бірі қазақ қарындастарымызға атты мақаласын талдағалы отырмын. Мұғалім Файзрахман Жаһандаровтың қазақ елінің алғаш шыққан “Айқап” журналына құттықтау сөзінен бастады. Осы кезге дейін қазақ халқының тұрмыс тіршілігін, оның хәл жағдайын көрсететін бір журналдың керек екенің қуана тілге тиек етеді. Шыныңда “Айқап”-тың елге берген пайдасы орасан зор болды. Енді ғана оянып келе жатқан қара халықтың көзін ашып, білімін арттыруға үгіттеді. Ол ғана емес, өзіміздің хәлімізді басқа елдерге көрсетуге осы журнал себеп болды. мұғалім Файзрахманның айтуынша Бағзы Молдалар керсінше газет-журнал шариғатқа жат, ондай біздің тарихта болмаған деп кінә таққан болатын. Алайда біз өзімізді өзге елге көрсете алмасақ, хәл-жағдайымызды білдіре алмасақ, бізге кім көмек қолын созады? Міне осы газет-журнал арқылы жеткізуге болады. Сонда ғана біздің мұсылманшылдығымыз артады. Ол туралы “Айқап”-тың басты бетіндегі мақалада жазылып кеткен болатын: журналды шығаруда басты мақсат атақ шығару, білім сату емес “халыққа қызмет көрсету”. Сондықтанда болар Айқаптың қазіргі күнге дейін белең алып жатқаны!

Тоғай Дидар ҚазҰУ-дың 1 курс студенті

Жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева

0
0
269

Еще по теме

"Қазақ қарындастарымызға" фельетоны хақында - Yvision.kz