Сәтті қадам» партиялық жобасының қатысушылары мен «Еріктілер мектебінің» түлектері демалыс күндерін салауатты өмір салтын насихаттауға арнады. Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні жастар «Еуразия» туристік-сауықтыру орталағының базасында шаңғы, коньки сияқты қысқы спорт түрлерімен айналысу мүмкіндігіне ие болды.
Жоба қатысушыларының пікірінше осындай спорттық ойындарды ұйымдастыру арқылы денсаулықты нығайтуға, денені шынықтыруға және жаман әдеттерден арылуға болады.
Ақбота Сапарғалиева (Еріктілер мектебінің қатысушысы): Бүгінгі демалыс күнім өте қызықты өтті. Алдағы уақытта да мәдени - көпшілік шаралармен қатар спорттық шаралар да көптеп ұйымдастырылып тұрса деген ойдамын.






Қалған фотолар http://vk.com/album-59172259_211601684