Достық турнирі
Өткен демалыс күндері «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында жұмысшы жастар арасында шағын футболдан жолдастық турнир болып өтті. Турнирге сегіз команда қатысып, 2 күн қатарынан бақтарын сынады.
Кайров Алихан «Орал мадрид» командасының ойыншысы: Демалыс күндерім сәтті өтті. Өйткені, бұл күндерімді сүйікті спортыма арнадым. Ұйымдастырушылар мен қатысушы командаларға алғысым шексіз.





