Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сенің арманыңдағы жұмыс. Онлайн-сауалнама.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты қазіргі жастар үшін қандай жұмыс орны қызықтыратынын анықтау мақсатында онлайн-сауалнама жүргізуде. Аталмыш сауалнама «Сәтті қадам» - «Путевка в жизнь» партиялық жобасының жаңа кезеңін әзірлеу аясында өткізіліп жатыр.

Сауалнама қорытындысы бойынша жобаның ұйымдастырушыларына ЖОО түлектерінде үлкен сұранысқа ие болып жатқан жұмыс орындарымен бірге әріптестік қарым-қатынастарды жақсартуға және оларға көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осы жылы орташа мамандандырылған білімі бар жас түлектердің өтініштерін ескере отырып, олардың жобаға қатысу мүмкіндігі қарастырылуда. Осыған орай, тек ЖОО түлектерін ғана емес, сонымен қатар тәжірибесі жоқ орташа мамандандырылған білімі бар жас мамандарды тағылымдамадан өткізуге дайын жұмыскерлердің арнайы тізімі құрылады.

Барлық қатысуға ниет білдіргендер келесі http://www.survio.com/survey/d/L9R1Y7Q9D3J2K1E0O сілтеме арқылы сауалнамадан өтіп, ұйымдастырушыларға тәжірибеден өту барысында беделді және сұранысқа ие жұмыс орындарын анықтауға көмек көрсете алады.

Еске сала кетсек, 2014 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің барлық аймақтарында «Сәтті қадам» партиялық жобасына 1000 астам ЖОО жас түлек қатысып, олардың ішінде 60 жас маман тәжірибеден өткен орнында жұмысқа орналасты.

 
10
0
751

Осы тақырып бойынша

Сенің арманыңдағы жұмыс. Онлайн-сауалнама. - Yvision.kz