Қазақстанның ең басты сауда әріптестерінің бірі ҚХР қазақ мұнайының импортын биылғы жылдың алғашқы төрт айында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда шамамен 2 есеге дейін азайтып жіберді.

Өткен жылдың алғашқы төрт айында Қытай Қазақстаннан 1,5 млн тонна мұнай сатып алса, биыл осы уақытта бұл көрсеткіш 706,4 мың тоннаны құрады.