Туған жердің киесі бәрімізге ортақ
Рухани жаңғырудың бір үлкен тармағы- «туған жер» бағдарламасы. Бұл бір қарағанда, нағыз патриоттық тәрбие, тура патриоттық рухты береді. Бұл арқылы гуманитарлық ғылым, адам дүние танымы мен көзқарасына қатысты ұстанымдар алға шықпақ.
Қазіргі ғылымда адамды тәрбилеуге арналған тарих ғылымын дамыту, социология, саясаттану, мәдениеттану сияқты әртүрлі салалық бағыттар бар. Бұл өте маңызды және өміршең идея, осыны біз ұмытпауымыз керек. Бұрын, малшы және шаруашылық адамы барынша төмен көрсетіліп, арттар қалған, төмен дәрежедегі образ кейпінде көрсетіліп келді. Қазіргі көзқарас мүлде өзгерді.
Енді сол шырмаудан революциялық жолмен, үлкен қақтығыстар арқылы емес, эволюциялық жолмен шығуымыз керек. Қазақтың мәдениеті де, руханияты да өте бай. Көне шаһарлар, кесенелер, қорғандар, ескерткіштер мен жәдігерлер жетіп артылады. Халқымыз тарихи тұлғалардан да кенде емес. Бірақ бір жағынан жұртымыздың замананың да көшін бастайтын қаһармандары бар. Бүгінгі күннің белсенділерін елге таныту мақсатында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жүзеге аспақ. Мұның да астарлы саяси бағыт екені белгілі. Себебі, еліміздің болашағы – осы жастардың, болашақтың қолында десек, бұл бағытқа қазірден ден өояйық деген пікір айтылады.
