Бүгін үгіт тобы яғни аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер
үгіт жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары Балпық би ауылдық округінде өтті. Сондай-ақ, партияның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде еліміздің қол жеткізген басты жетістіктерін айтып өтті. Одан әрі тұрғындар өздерін алаңдатқан проблемаларды талқылап, түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатты. Тұрғындардың басым бөлігі ауылдық елді мекендердегі медициналық қызмет сапасын жақсату, жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша өз ұсыныстарын айтты.
