Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағытталған

Көксу ауданы тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында «Есіктен-есікке», «Кандидат қонақта» және экспромт-кездесу секілді үгіт-насихат жұмыстары жүзеге асырылуда. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарлама аса ауқымды әрі нақты мақсаттарға бағытталғандықтан, халықтың оң көзқарасын қалыптастырып, жүйелі жұмыстарға негіз болып отыр. Осы негізде үміткерлер 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Көксу ауданы және оған қарасты елді мекендердің тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы халықтың сапалы өмір сүруіне бағытталған 7 басым бағытымен таныстырып, тұрғындар тарапынан ұсыным тілектерді тыңдауда. Үгіт-насихат шаралары ауданға қарасты елді мекендерді толық қамтумен қатар түсіндірме парақтары таратылып, 8 қаңтарға дейін үгіт жұмыстары жалғасын табатыны жоспарланған. Осы орайда бүгін Үміткерлер Балпық ауылдық округіндегі Ақшатоған елді мекенінің тұрғыны, "Гусенов" жеке шаруашылығының басшысы Шарриф Магирамовпен кездесіп қайтты. Жоғарыда айтып өткеніміздей партияның сайлауалды бағдарламаларын түсіндіріп, үгіт-насихат шараларын жүргізді.

0
0
157

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағытталған - Yvision.kz