Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші.

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Жас қазақстандықтар қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуда, елімізде жоғары білім алу үшін білім гранттары бөлінуде. Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысал ретінде, «Дипломмен ауылға», келісімшарттық негіздегі әскери қызмет ( бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамының 70% дан астамы келісімшарт негізіндегі әскери қызметте) және т.б. атап өтуге болады. Елімізде жастардың жарқын болашағы үшін жасалынған жұмыс жоспарлары ауқымды. Егер белгіленген жоспардың барлығы табысты нәтиже көрсетсе, мемлекеттік жастар саясаты жаңа белгілі нәтижелер алатыны айқын, ал жастар өмірі сапалы жаңа деңгейге көтеріледі, бұл өз деңгейінде мемлекеттің гүлденуіне және азаматтардың жарқын болашағына кепіл болады.

0
0
284

Осы тақырып бойынша

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. - Yvision.kz