Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер
Қабылиса ауылдық округінің тұрғындарымен канвассинг-кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. "Кандидат қонақта" кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру. Осыларды негізге ала отырып үміткер ауыл тұрғындарының шаңырағында болып партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар халықтың ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жүйелі түрде жауап берді.
