артияның үгіт-насихат науқаны ауданда қарқынды жүргізілуде.
Бірқатарына тоқталып өтсек. Мәселен, аудан үшін жасайтын барлық жұмыстарын таныстыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің сенімді өкілдері Талапты ауылының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде ауданда бүгінге дейін жасалған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға тоқталды. 5 жылда өзгеретін Көксу ауданы жайында айтты. Еліміздегі көшбасшы партияны қолдауға шақырды.Тұрғындардың сұрақтарын, ұсыныстарын тыңдады. Талапты ауылының тұрғындары партия ұсынған бағдарламада белгіленген, аудан дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шараларды қолдап, оң бағаларын берді.
