Мазмұнға өту
urimtal

Асхат Еркімбай

@urimtal

Сайтта 2008 ж. 6 қазанКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

68

пікірлер

165

тіркелуші

76

жазылымдар

14

Саясат туралы көп айтпайтынымды білесің ғой

Құрдас, Айдос Сарымның мақаласына қалдырылған пікірлерге қарап 20 жылда ұлттың қадірін түсінбегендер мында өріп жүргенін аңғаруға болады. (Егер бүгін көңіл-күйің болмай отырса, ашып оқымай-ақ қой) Меніңше, 20 жылдың ішінде өзінің болашағын қай елмен байланыстыратын уақыт келіп жеткен сияқты. Мына жерге келіп, шикілік шығарғаннан басқа бітіріп жатқандары шамалы. Мүмкін адамзатқа бір түйір пайда келтіріп жатқан шығар, Аллаһқа мәлім! Негізі менің саясат туралы көп әңгіме қозғамайтынымды жақсы білесің ғой. Түсінбеймін. Мемлекеттің құрып жатқан саясатына қарсы шығуы түсінікті. Әркімнің өз көзқарасы бар. Бірақ сонша қоқысты ішіне жиып, оны мында бүріп шашқаннан не ұтады? Елдің болашағын ойласа, айбайлап сөйлемейді ме екен... Өзіне не керегін әлі күнге дейін білмейтін кішкентай бала сияқты. Бола…

0
2
478

Құрдасыма арнап жазып отырмын

Негізі былай ғой. Қазір Рамазан айын. Саған ұнасын, ұнамасын мен  - оразамын. Өзі аяқталуға да аз қалды. Не үшін ақталып отырғанымды да білмеймін. Негізі білемін. Себебі бұған дейін қазақшамызды жақтырмай қалғандар кезіккен. Дін десе де тулап қоя беретіндер бар. Момын адамды осылай қауып алады негізі.

АҚШ деген елде, Ларами деген қаладамын. Болмаған шығарсың. Қаланы айтамын. АҚШ-қа енді Аллаһ қалап, жолың түскен шығар. Сол. Қазір тегін барбикю болады дейді. Осылардың студенттерге тегін тамақ, заттар үлестіргеніне қайранмын. Ризамын дегенім ғой.

Аман бол! Аманшылық білдіріп қояын дегенмін, құрдас! Блог ашыпсың, соған қолдау білдірейін дегенмін ғой. Әйтпесе, мына шатпақты біреу оқи қояр дегенге илана алмай отырмын :)

GeoGebra қазақшаланды

Сәлем достар! Ұзақ үнсіздіктен соң, мұндағы қазақ блогшыларының белсенділігін көру мақсатымен neweurasia.net сайтындағы жазбаның бірін көшіріп жариялап отырмын. Наурыз айында ұйымдастырылған Блог құрылтай қазақ тілінде тың жобалардың дамуына серпін берді. Дүниенің түкпір-түкпірінен жиналған жастар екі күн бойы тәжірибе алмасып, өздерінің үздік жобаларын бәйгеге қосқан еді. "Үздік жобалар" байқауының жеңімпазы атанған "ГеоГебра" ресурсының авторы, Қостанай қаласындағы С.Мәуленов атындағы гимназияның математика пәні мұғалімі Талғат Байназаров GSM Kazakhstan компаниясы атаған 100 мың теңгелік грантқа ие болған. Арада санаулы ай өткеніне қарамастан Талғаттың ГеоГебра жобасы жаңа белеске көтерілді. Талғат ГеоГебра бағдарламасын толықтай қазақ тіліне аударып, арнайы лицензиясын иеленді. Өз блог…

1
2
2797

Джонатан да сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді!

[youtube=http://www.youtube.com/watch?v=n3UHYPyt_Rc]

Жамилә деген қыз баланың Джонатанмен қазақша сөйлескен видеосы естеріңде болар. Осыдан екі-үш күн бұрын сол Жамиләмен де Джонатанмен де, әрі Джонатан жайлы фоторепортаж жасаған Қарлығашпен де кездесудің сәті түскен.

[youtube=http://www.youtube.com/watch?v=4aniW2yCzNE]

пысы. Peace Corpus деген ұйыммен келетін америкалықтардың дені аз уақыттың ішінде қазақша үйреніп алатыны таңқалдырады. Өз елімізде жүргендер болса, әлі күнге дейін әр нені бір сылау қылып, қазақша үйрене алмай жүр...

neweurasia.net сайтында да жарияланды.

0
0
504

Creative Commons туралы бір ауыз

[caption id="" align="alignleft" width="129" caption="Image via CrunchBase"][/caption] "Уважайте труд технички" "Блогтар әкелетін және әкеліп жатқан қауіптердің бірі – біреудің атын жамылған блогтардың болу мүмкіндігі" деп Ерлан Оспан "Алтын Орда" сайтындағы мақаласында айтып өткендей, ғаламторда өзіңнің қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету оңай емес. Қазіргі кезде блогымыздағы жазбамыздың да өзімізге тиесілі болмай, басқа бір ақпарат құралында өзге біреудің атынан шығып жатқанының куәсі болдық. Интернет мәдениеттілік, дәлірек айтқанда сауаттылықтың ауылынан әлі де алыспыз. Ағылшын тіліндегі интернет кеңістікте авторлық құқықты қорғаудың Creative Commons (қысқартқанда СС) жүйесі бар. Интернет шекара талғамайтын болғандықтан бұл белгі барлық интернет ресурстар үшін жарамды. Әрбір елдің ішкі ереж…

0
0
594

08.QB Наурыз айында "блогомания" дүмпуі байқалды

[caption id="attachment_3812" align="alignleft" width="150" caption="АРБ, достар!"][/caption] Құрылтайдан кейін есімді енді жиып жатырмын. "Тойдың болғанынан боладысы қызық" дейді ғой, тойдан кейінгісі шыжық деп қосар едім. Үйтіп-бүйтіп қағаздардан құтылғандай болып отырмын. Соңғы екі аптада Құрылтайдың бітпей қалған жұмыстарын аяқтауға көмектескендерге де бір-бір ескерткіш орнату керек шығар :) Енді кішкене ғана бітпеген жұмысы қалды. Десе де алғашқы Блогқұрылтайды өз деңгейінде өткізген қыздар мен жігіттерге үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Ең үздік блог байқауында "Өрімтал" блогына дауыс берген оқырмандарға да алғысым шексіз. Блог құрылтай "Блогомания" синдромын алып келетінін болжау қиын емес еді. Жаңадан блог бастаушыларға сәттілік тілеймін. Әрі блогымның оң жақ бағанына "Wordpress.…

0
0
807

Зейнетақы қорындағы ақшамыз не болып жатыр?

[youtube=http://www.youtube.com/watch?v=W2skiB54RHE] Зығырданым қайнап, зейнетақы қорымның сайтына шағымданып едім. Бір сағат өтпей қызметкері хабарласып, "Жарты жылдың көлемінде түзетеміз. Өтінішіңіз орынды т.с.с." деп жуып-шайып жатыр. Сонда да өзімнің қазақша мәлімет алу құқымды даулауды қоймайтын түрім бар. Сұмдық қой... Менің ай сайынғы жалақымның 10 % алып отыр және ол туралы жөні түзу мәлімет те бермейді. Бұрындары Зейнетақы қорына аударылып жатқан ақшама мән бермейтінмін. "Пайғамбар жасқа дейін не боларын, Құдай біледі. Сол он пайызы садақа болсын" деп бұл тақырыпты жауып қойғанмын. Өткен сенбіде студенттерімді "Республика" зейнетақы қорына апардым. Экономикалық тақырыптағы арнайы тренинг өткізуде ойластырып жүр едім. Әріптесім Зарина себепші болып, "Қазақстандағы Зейнетақы қоры"…

0
0
859

Айт қабыл болсын!

Айт сөзі - «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Жиырма тоғыз күн ораза ұстап, ауыз бекіткен мұсылман баласы бұл күні әуелі айт намазына мешітке бет алады. Мешітте имамның уағыз-насихатын тыңдап, жамағат болып намаз оқиды. Намаз біткен соң мұсылмандар қол алысып, төс қағысып бір-бірін Айт мерекесімен құттықтайды, жақсы тілектерін айтады. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Ал әйелдер қауымы үйде қазан асып, дастарқан жайып, айттық шай әзірлейді. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп дәм ауыз тиеді, шаңырақ иесіне аман-саулық тілеп, айтпен құттықтайды. Сондай-ақ, ұлық мерекесі ізгі істермен де атап өткен жөн. Мәселен, жақын-жұрағаттарға ерекше қамқорлық танытып, мүсәпір-мүскіндерге қайырымдылық көрсеткен абзал. Айта кетейік, айт мерекесі Рамазан…

0
2
1213

Бір Аллаһтың атымен...

Әлһамдулиллаһ, Рамазан айының соңғы санаулы күндерін өткеріп жатырмыз... Қанша сауап істеп үлгердік, жүрек түкпірімізге қаншалықты үңіліп, оразаның дәмін тата білгеніміз бір Аллаһқа аян. Мұсылман баласы амалдарымыз ниетке байланысты екенін жақсы біледі.  Бастысы ниетіміз кірлей көрмесін! Бұл жазбаны Қадір түніне арнағым келіп еді. Бірақ www.oraza.info жобасына біраз өзгерістер енгендіктен олармен бөлісуді жөн санап отырмын. Себебі әр жазбаның астына пікір қалдыру қызметін шектегелі бері байланысымыз үзіліп қалғандай көрінді. Не себепті бұрынғыдай жазбалардың астына пікір қалдыру мүмкіндігін алып тастадық? Жақсы сұрақ! Сұрауға да хақылысың. Себебі бұл жоба өзіңе арналған. Пікір қалдырудың орнына сұрақ қойылып кете беретіндіктен, әрі кейбір бауырларымыз дәл сол сұраққа сайт ішінде жауа…

0
0
556

Қонақ қылған үй иесіне Аллаһ сауаптан жазсын

Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып, ислам қаржысына қатысты арнайы заң қабылдады. Соған орай елімізде алғашқы ислам банкі де құрылды. Ислам қаржы құралдарын дамытумен айналысатын бірнеше мекемелер де қызмет етуде. Солардың бірі - Алматы Өңірлік Қаржы Орталығындағы ислам қаржы құралдарын дамыту бөлімі. Аталған бөлімнің маманы Айжан Қалқаева біздің "бес сауалға" жауап берген еді. 1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? – Ең бірінші Сухур (сәресі) мен ифтар (ауызашар) кезіндегі дұғаларды араб тілінде жаттағаным және Тарауих намазына дайындалғаным еске түседі. Сонымен қатар Қазақстанда оразаны бүкіл мұсылман әлеміне қарағанда бір күн ерте бастағанына өте қызықтым. 2. Егер ертең Оразаның алғашқы күні болатын болса, бүгін не…

0
1
627