Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Нөміріңізді заңдастырдыңыз ба?

Айттым ба, айтпадым ба, біз офис ашқанбыз. Негізі шет тілдерін үйретеміз. Жаңа медиа, мультимедиа бойынша тренингтер өткіземіз. Общымм, ТОО-мыз. Содан өткенде офисімізге бір клиент келіп, директорымыздың соткасын жымқырып кеткен. Содан бері офистің телефоны туралы жиі ойланамын.

Клиенттермен негізінен телефон арқылы байланысамыз. Олар да бізді жарнамадан көрсе, нөмірге звондайды. Көшедегі сыртқы жарнамада, постерлерде бәрінде компаниямыздың нөмірі жазулы тұр.

Ойлап отырсам, кез-келген бизнесте сіздің телефон нөміріңіз - өте маңызды құралдарыңыздың бірі. Оның тез есте сақталуы, үнемі қосылып тұруы т.с.с. Не себепті кейбір мобилді операторлар бизнеске арнап арнайы пакеттерін ұсынады десем, осыдан екен ғой.

Бірақ ең маңыздысы нөмір компания атында немесе сол компаниядағы бір қызметкердің атында болуы супер-пупер маңызды болып шықты.

Өткенде офистің телефон нөмірі кімнің атында екен деп іздесем, "Мария Ивановна" деген белгісіз біреудің атында. Tele 2 симкасын қызметкерлеріміздің бірі көшедегі сатушылардан ала салған ғой. Содан көшедегі сатушылар әдетте бір нөмірді таныстарына немесе өздерінің аттарына тіркей салады.

Енді нөмірді өз атымызға ауыстыру үшін әлгі Мария Ивановнаны тауып, соның келсімі керек екен. Оны іздеп табу дегеніңіз енді... Содан нөмірді өз атымызға ауыстырудың жолы бар ма деп, Tele 2-нің заңгеріне хабарластым. Дәлірек айтсам, кездесуге бардым. Сөйтсем болады екен.

Нөмірді қолданғаныңды дәлелдейтін құжаттар болуы керек. Мысалы, олар соңғы бір жыл көлеміндегі нөмірге қатысты ақпараттарды сұрайды. Қандай нөмірге звондадың? Қай айда қанша ақша құйдың? т.с.с. Содан кейін бір-екі қағаздарына қол қойып нөмірді өз атыңа ауыстыруға болады.

Әрине, бұл екі аптада бір рет симка ауыстырып үйренгендер үшін қажетсіз болуы мүмкін. Бірақ мемлекетке салық төлеп, нөмірі арқылы бизнес жүргізіп отырғандарға керек.


Себебі күні ертең симка жоғалып қалса, нөмірді қалпына келтіре алмайсың. Күллі клиенттерің ескі нөмірге үйреніп қалды. Барлық жарнамалық мәтіндерден де нөмірді ауыстыру керек.

Қысқасы, құқығыңыз заң аясында қорғалсын десеңіз нөміріңізді заңдастырып қойған дұрыс екен. :)

1
0
783

Осы тақырып бойынша