Мазмұнға өту
tracyb

tracyb

Сайтта 2017 ж. 6 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

84

пікірлер

2

тіркелуші

0

жазылымдар

9

Ақтөбедегі жағдайды ушықтармау керек!

Ақтөбе облысы Прокуроры Ақтөбе облыстық ІСБ-ның назарына! Ақтөбедегі РИКА ақпарат кеңістігі мен бизнес желілерін ұстап отырған медиа топтың тілшісі Ләззат Сақиева тарапынан «өзінің қызметтік сұхбаты аясында» (ҚР қылмыстық Кодексінің 141 бабының 2 тармағы), қазақ азаматы Фархад Досмағанбетовтың «тегіне, нәсіліне, ұлтына қарай кемсітушілік» (ҚР-сы Конституциясының 14-бап, 2-тармақ), және «бүтін бір халықтың ар-намысына тиетін» ауыр сөздер айтқаны және «нәсілдік, ұлттық астамшылықты» уағыздайтын «дискриминация» мәселесін көтергені үшін тілшінің үстінен құқықтық шара алынуы тиіс. Бұл жөнінде соңғы күндері БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде көп жазылды. Ұлттық мүдде, ұлттық намыстан биік тұратын ешқандай мұрат жоқ. Саяси тұрғыдан алғанда тілші Л.Сақиеваның ісі жүгенсіздік, азаматтық намысы…

0
0
546

Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады! Келем деушілерге есік ашық!

2017 жылдың 7 маусымында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл шараның бас ұйымдастырушылары - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. Қытай киносы фестивалінің Қазақстандағы күндері ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытай актері, кинорежиссер, кинопродюсер – Джеки Чан болмақ. Осы шарада Джеки Чан көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты фильмін тарту етпек. Бұл фильмде ол басты кейіпкер - Джеки атты қытай археологын сомдап шықты. Айта кетсек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аяс…

0
0
640

Назарбаев кейбір Жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуі туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Ақорданың мәліметіне сүйеніп хабарлайды. ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген 2-тарауда: «Б» корпусы бөлімінде: В санаттары тобының В-4 санатында: «Бас консультант» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жол…

0
0
409

Мемлекеттік Рәміздердің негізі — Ұлттық кодта жатыр

Мемлекеттік Рәміздеріміздің қабылданғанына, әні-міне дегенше, 25 жыл толыпты. Тәуелсіздікті алған беттен, бірінші қолға алған шаруа осы болды. Арнайы дата бекітілді. Содан бері, 4 маусым (1992 жылдан бері) Мемлекеттік Рәміздер күні ретінде аталып келеді. Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және әнұран – мемлекеттің мызғымас негіздеріне жатады. Туымыздағы шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз – жаһанға Қазақ елінің мемлекеттік имиджін һәм бейнесін паш етті. Авторы Шәкен Ниязбеков екенін қазір ешкім ұмыта қойған жоқ шығар. Мемлекеттік рәміздер бұрын да болған. Ата-бабаларымыз арман еткен Тәуелсіздіктің 26 жылдығында Мемлекеттік Рәміздеріміз әлем елдерінің алдында биіктей түсті. Бұл –Қазақтың, Қазақ елінің мәртебесі, абыройы! Бірақ, кей жастарымыз Мемлекеттік Рәміздерді…

0
0
307

Бұл — қазақ ұлтшылдарына қарсы жасалған лас акция

Расул Жұмалы бауырыма жасалып жатқан құйтырқы шабуыл - қазақ ұлтшылдарының жаңа, тегеурінді буынына қарсы сыртқы жақтан жасақталған арандату. Мәселенің мәнісін ол өз парақшасында тәптіштеп жазып берді. Одан артық ақталудың керегі жоқ! Бір нәрсе айқын - Расул секілді терең интеллектуал әрі мінезді қайраткер ешкімнің көмегінсіз-ақ кітап жаза алады! Әңгіме осымен бітсін! Бірақ осы лас акциядан туатын бір қорытынды бар. Расулдың басына түскен жасанды іс ертең, әртүрлі формада басқа да зиялы патриоттарымыздың басына келуі әбден мүмкін, Қазақ, оның идеясы мен сол идеяны насихаттаушылар күшейе түскен сайын прокремльдік күштер де өңмеңдей түсері хақ. Тырнақ астынан кір іздеп, басқа да арандатулар жасауы әбден ықтимал. "Орыс әлемі" орнын "қазақ әлемі" басып жатқанына олар қол қусырып, қарап отырма…

0
0
342

Елім деп келген ананың жайы алаңдатады...

Атамекеніне оралып, Қытайдан Қазақстанға көшіп келмек болғанда шекаралық тексеру кезінде 50 мың долларға жуық бар жиған-терген ақшасынан айырылып қалған қандасымыз Гүлжан Мәуітханқызына қатысты апелляциялық сот отырысы бүгін аяқталды, деп хабарлайды baq.kz тілшісі сот залынан. https://baq.kz/kk/news/kogam/shekarada_50_min_dollarinan_aiirilgan_zhesir_ananin_isi_prokuraturaga_kaitarildi20170602_161500?utm_campaign=2768747&utm_source=SendPulse&utm_medium=push Екі күнге созылған апелляциялық сот отырысы барысында шекарада бар жиған-терген ақшасынан айырылып қалған қытайлық қандасымыз Гүлжан Мәуітқанқызының ісі бүге-шігесіне дейін қаралып, тергеу барысында бірқатар өрескел заң бұзушылықтардың орын алғаны анықталды. Кешелі-бері осы іске қатысы бар жәбірленушілерден, куәгерлерден, адвока…

0
0
290

«Нұрлы жолдың» берері мол

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан ең ауқымды жобалардың бірі – «Орталық-Шығыс» бағыты бойынша салынып жатқан жол. Жобаның жалпы ұзындығы – 914 шақырым, жалпы құны - 390,5 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталған, 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл бағытты Астана-Павлодар және Павлодар-Семей-Қалбатау деп екі бөлікке алып қарауға болады. Бүгінде Астана мен Павлодар арасындағы жолдың 60 шақырымы салынып бітті, 2017 жылы 88 млрд. теңгені игеру қажет. Павлодар-Семей-Қалбатау арасындағы жолдың 171 шақырымы салынып біткен, 2017 жылы 17,7 млрд теңгені игеру жоспарланып отыр. Темір жол бойынша да, біраз іргелі жұмыстар атқарылды. Қостанай – Алматы бағыты бойынша жаңа жолаушылар вагоны іске қосылады. Қостанайға теміржол жолаушылар тасымалдар…

0
0
358

Пантеонды қайтесің, өлген соң, бәрі бекер

Сұраласың, қор боласың. Әсіресе, елдің аманатын арқалаған адамдардан сұрау ерекше болады делінеді, шариғатта. Олардың ішіп жемі, киген киімі, жүріс - тұрысына дейін сұрау болады. Олай болса, неге бәрі соған асығады? Бұл, не ЕРЕЖЕ? Осыны ойлап, басым қатты. Үкімет Ұлттық Пантеон туралы Ережені бекітіпті. «Қазақ үні» ұлттық порталы былай дейді. «Қасиетті жерге» мына санаттағылар жерленеді: – Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері; – Қазақстанның премьер-министрлері мен оның орынбасарлары, парламент палатасының төрағалары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, президент әкімшілігі басшылары, конституциялық кеңес, Ұлттық банк пен Жоғарғы сот төрағалары; – министрлер, президентке тікелей бағынатын мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімдері, республикалық маңызға ие қала…

0
0
613

Ұлтшылдарға МЫҢ АЛҒЫС!

Кешегі Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ұлттық аза тұту»күнінде жылда көңіл күпті болатын. Шүкір, биыл, басқашалау болды. Алматы әкімі жарады. Бауыржан Байбек сын сағатта азаматтық танытты. 21 жылдан бері әні орнатамыз, міне, орнатамыз деп жүрген ескерткішті ел болып тұрғыздық. Тарихты сөйлетсек, осы геноцидтің есебінде қисап жоқ. 4 млнға жуық адам қырылған. Қандай ауыр қасырет десеңші. Көріңде өкіргір Голощекин «біз керемет жетістікке қол жеткіздік» деп баяндама жасап, оған қызыл кәмүнүстер қол шапалақтап жатқанда, көшедегі мәйіттердің иісі ашық тұрған терезеден ішке еніп тұрғанын күрсініп еске алады, куәгерлерлер. 1897 жылғы санаққа қарасақ, 4 миллион 84 мың адам болған екенбіз. Өзбектер бізден шамамен, 3 еседей аз болыпты. (1миллион 690 мың) Қазір, олар – 30 млн…

0
0
302

«НҰР ӘЛЕМ» — ЭКСПО ның ең көрікті жерлерінің бірі

Тура, 7 күннен соң, ЭКСПО басталады. Күні бүгін, Назарбаев көрменің басты нысаны - «Нұр Әлем» павильонын аралап шықты. Бұл - диаметрі 80 шаршы метр болатын әлемдегі бірден-бір ғимарат. Павильонда «Болашақтың энергиясы музейі» орналасады, онда Қазақстанмен танысу аймағы болады, сондай-ақ энергияның негізгі түрлері ұсынылады дейді, - «Ақ Ордадағылар» Қазақстан Президентіне «Болашақ Астана – Қазақстанның 2050 жылғы елордасы» экспозициясы, ғарыш энергиясы залы, қазақстандық 28 ғылыми жобаны және «Жасыл экономика» тұжырымдамасы жөніндегі жобаларды қамтитын «Жасампаз энергия» аймағы, сондай-ақ Қазақстанның «Токамак» материалтану термоядролық реакторының моделі, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары көрсетілген медиақабырға таныстырылды. Сонымен қатар,…

0
0
469