Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлтшылдарға МЫҢ АЛҒЫС!

Кешегі Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ұлттық аза тұту»күнінде жылда көңіл күпті болатын. Шүкір, биыл, басқашалау болды.

Алматы әкімі жарады. Бауыржан Байбек сын сағатта азаматтық танытты. 21 жылдан бері әні орнатамыз, міне, орнатамыз деп жүрген ескерткішті ел болып тұрғыздық.

Тарихты сөйлетсек, осы геноцидтің есебінде қисап жоқ. 4 млнға жуық адам қырылған.

Қандай ауыр қасырет десеңші. Көріңде өкіргір Голощекин «біз керемет жетістікке қол жеткіздік» деп баяндама жасап, оған қызыл кәмүнүстер қол шапалақтап жатқанда, көшедегі мәйіттердің иісі ашық тұрған терезеден ішке еніп тұрғанын күрсініп еске алады, куәгерлерлер.

1897 жылғы санаққа қарасақ, 4 миллион 84 мың адам болған екенбіз. Өзбектер бізден шамамен, 3 еседей аз болыпты. (1миллион 690 мың) Қазір, олар – 30 млн нан асады!

37 дегі саяси репрессияда 100 мыңнан аса адам жазықсыз халық жауы аталып, атылып кетті.

Алматыдағы Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы «Қарағайлы» саябағында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің маңына жиналғандардың санында қисап болмады.

Биіктігі 3 метрлік ескерткіштің авторлары мына азаматтар. Белгілі мүсіншілер Қанат Бегұлиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаев.

 
0
0
303

Осы тақырып бойынша

Ұлтшылдарға МЫҢ АЛҒЫС! - Yvision.kz