Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік Рәміздердің негізі — Ұлттық кодта жатыр

Мемлекеттік Рәміздеріміздің қабылданғанына, әні-міне дегенше, 25 жыл толыпты. Тәуелсіздікті алған беттен, бірінші қолға алған шаруа осы болды. Арнайы дата бекітілді. Содан бері, 4 маусым (1992 жылдан бері) Мемлекеттік Рәміздер күні ретінде аталып келеді. Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және әнұран – мемлекеттің мызғымас негіздеріне жатады. Туымыздағы шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз – жаһанға Қазақ елінің мемлекеттік имиджін һәм бейнесін паш етті. Авторы Шәкен Ниязбеков екенін қазір ешкім ұмыта қойған жоқ шығар. Мемлекеттік рәміздер бұрын да болған. Ата-бабаларымыз арман еткен Тәуелсіздіктің 26 жылдығында Мемлекеттік Рәміздеріміз әлем елдерінің алдында биіктей түсті. Бұл –Қазақтың, Қазақ елінің мәртебесі, абыройы!

Бірақ, кей жастарымыз Мемлекеттік Рәміздерді (толық) біле ме екен?

Осы сұрақ қазір бәрімізді мазалайды...

 
0
0
312

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік Рәміздердің негізі — Ұлттық кодта жатыр - Yvision.kz