«Нұрлы жолдың» берері мол
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан ең ауқымды жобалардың бірі – «Орталық-Шығыс» бағыты бойынша салынып жатқан жол. Жобаның жалпы ұзындығы – 914 шақырым, жалпы құны - 390,5 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталған, 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Бұл бағытты Астана-Павлодар және Павлодар-Семей-Қалбатау деп екі бөлікке алып қарауға болады. Бүгінде Астана мен Павлодар арасындағы жолдың 60 шақырымы салынып бітті, 2017 жылы 88 млрд. теңгені игеру қажет. Павлодар-Семей-Қалбатау арасындағы жолдың 171 шақырымы салынып біткен, 2017 жылы 17,7 млрд теңгені игеру жоспарланып отыр.
Темір жол бойынша да, біраз іргелі жұмыстар атқарылды.
Қостанай – Алматы бағыты бойынша жаңа жолаушылар вагоны іске қосылады.
Қостанайға теміржол жолаушылар тасымалдарын субсидиялаудың жаңа механизмі аясында сатып алынатын жолаушылар вагондарының бірінші топтамасы келді.
«Түрксіб Астана» ЖШС-мен «БРК-Лизинг» АҚ-тың лизингтік қаржыландыру тәсілімен 10 ресейлік жаңа жолаушылар вагоны әкелінді.
54 орындық плацкарт вагондар жүйелік қадағалаумен жабдықталған. Сонымен қатар, диагностика және вагонды басқару жүйесімен (СКДУ), ауа салқындатқышпен, вакуумдық био дәретханалармен, өрт сөндіру жүйесімен, тоңазытқыш және микротолқынды пешпен жабдықталған. Сондай-ақ, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін жеке электр қуаттағыш көздері қарастырылған.
Ақпарат: Инвестициялар және Даму министрлігі
