Неғылған, бітпейтін дағдарыс?(!)
Президент те пенде. Оның да өз мүддесі, көздеген мақсаты (өз қалтасы) бар. Бір сөзбен айтсақ, еліне бір пайдам тисін деген ішкі дәмесі болады. Осы аптада, әлемді дүр сілкіндірген Пекин форумының мақсаты да осы. Бізге көптеу керек, оған сәл аздау болса да жетеді деген «мендік» психологияны бұл жолы да дәлелдеді. Бірақ, бәрі дипломатиямен, ым-жыммен көрсетті. Былай қарағанда, бәрі дұрыс. Бәрі, қалтаны қампитып риза болғандай көрінді. Бірақ, шын мәнінде, кім ұтты? Қай тарап ұтылды, оны уақыт көрсетеді... Бастысы, Қазақстан ұтылмасын деп тілейік. Өзгені қайтеміз, өзімізден бастайық. Бұл «белдеу» Ресей мен Қазақстан арқылы Еуропаға алып баратын «алтын» қақпа рөлін атқарады. Қазақстан мен Қытай жанталасып жатыр, қазір. Қытай осы «алтын» жолдың болашағы үшін (инфрақұрылымы мен жол-полдарын жасау…