Мазмұнға өту
tracyb

tracyb

Сайтта 2017 ж. 6 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

84

пікірлер

2

тіркелуші

0

жазылымдар

9

Масқара! ЭКСПО ғимараттары шытынай бастады...

КӨРМЕ ӨКІЛІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖЕРГЕ ҚАРАТТЫ Елдің аузынан жырылып, қалтасынан алынған миллиардтаған долларға салынған ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандары әлден-ақ сыр бере бастады. Ашылғанынан бері он шақты күн өтпей жатып ЭКСПО ғимаратындағы басты сферасының шыны жабындылары шытынай бастаған. Көрменің басты нысаны – «Нұрлы әлем» шарының бетіне шіркеу болып тұрған бұл сызаттарды көрмені тамашалауға барғандардың бірі бейнекамераға түсіріп алып, әлеуметік желіге жүктеп жіберді. Осыдан кейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов Қазақстан павильоны орналасқан «Нұрлы Әлем» сферасындағы шыны қабатының шытынау оқиғасына байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, шынылардың сыр беріп, жарылғаны рас. Алайда бұл жарықшалардың пайда болуына со…

0
0
807

Не дейді, Құдай, ә?

Журналист дәрігер сияқты ант беру керек!, деп Д.Назарбаева медиа форумда айтып қалды. Адамның жанын күйрететін пессемизм мен жағымсыз көңіл күйлердің зияны, адамның тағдыры мен болашағын құртатын қауіпті әсерлер туралы көп айтты. Ең бастысы, сондай зиянды психологиялық мінезден арылып, бабалар салған мәдени жолдан адаспау керек дегенге тоқталды. Жетістікке жету қиын, бірақ, кедергілерді, жаман(негатив) әсерлерді өз бойынан аулақ ұстайтындар ғана жетістікке жете алады Бұл сөздерді неге айтқаны киіндеу белгілі болды. БАҚ мәселесі қазіргі қоғамда күйіп тұр. Әсіресе, журналистердің әдебі, этика мәселесі сын көтермейді. Қалай болғанда да, ағарту жұмыстарымен айналысатын журналистер қауымы, "зиян тигізбе" қағидасын бұзбау керек. Әсіресе, «сары прессалардың» жайы белгілі ғой. Ақша үшін бәріне ба…

0
0
500

Маңғыстаудың қара бурасына, сәттілік!

«Қазақстан барысы-2017» финалының палуандарымен таныстыру - Нұрдәулет Жарылғапов

Аймағы: Маңғыстау облысы 
Лақап аты: Қара бура 
Туған күні: 02.04.1996 
Бойы: 182 см 
Салмағы: 135 кг 
Спорттық атағы: Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер 
Спорттық жетістіктері: Жастар арасындағы ҚР чемпионатының қола жүлдегері (2015), «Жас Барыс» республикалық турнирінің күміс (2015) және қола жүлдегері (2016) 
«Қазақстан барысы» турниріне қатысуы: 2015, 2016 ж. 
Бапкері: Қайрат Бурбасов

Биыл финалдық кездесулер 2 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді.

0
0
459

Ана тілін латын қарпіне көшіру — аса өзекті

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Назарбаев латын қарпіне көшу мәселесін тағы көтерді. Созып жүретін уақыт жоқ. Көштен қалмау үшін, бүгіннен бұл мәселені қолға алып, нүкте қою керек дегенді меңзеді. "Бұрынғы КСРО уақытында, ТМД деп аталатын біз - кириллица, қытайдағы қандастарымыз - төте жазу, батыс елдеріндегі бауырларымыз латын әрпін қолданады. Сонда, сөйлескенде тіліміз бір болғанымен, оқығанда тіліміз үш түрлі. Бір-бірімізді түсіне алмаймыз. Жазуын ұқпаймыз. Бұл бір жағынан, жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтың кейінгі ұрпағын бір-бірінен алыстады. Екінші жағынан, ғылым мен техникаға, интернетке үйренетін жағдайымыз бар.» - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бір сөзбен айтқанда, Латын әліпбиіне көшуді 2025 жылға дейін соза берудің қажеті жоқ, - деді, Елбасы. Ең бастысы, осы арқылы бірлігім…

0
1
441

ЭКСПО «патриоттары» міне, осындай!

ЭКСПО үшін (аралау үшін) бір күн, бір түнде жетпейді. Алып ғимараттың ішін толықтай аралап шығу үшін бір күн жеткіліксіз. Алған билетіміз бір күнге ғана жарамды. Алыстан келген біз сияқты мұғалімдерге бір күн уақыт жетпейді. Сондықтан, көрмені толық аяқтамай, іштен шықпаймыз, - дейді. Әрі қарай, facebook желісінің қолданушысы Раушан Базарбай былай дейді:

Мен не үшін мұндай қадамға барғалы отыр деп сұрасаңыз, "сонша жерден барып, 4 мыңға билет алғанда бәрін көріп кетпесем обал емес пе" дейді. Міне, патриоттық сезім қайда жатыр"(!)

0
0
265

Қонақ күту — қазақтың мінезі!

Атам қазақ қонақ күтуді бұрыннан қасиетті амал санаған. Келген қонақты құр қайтармай, қолына бірдеңе ұстатып жіберетін әжелеріміздің бейнесі көз алдымызда шығар. Қуыс үйден, құр шықпа дейді, мұны. Кешегі, ЭКСПО да да солай болды. Назарбаев безектеп, уақытына қарап, жан-жаққа алаңдаумен болды. Қасындағылардың апшысын қуырып, сырт айналмағанына риза болдым. Неде болса, сабырлы екен. Сонымен, қонақтар келді. Мәртебесіне қарай, әрқайсысын ерекше ілтипатпен күтіп алып жатты. Жымиып, жылы қарап, қолтықтан ұстап. Әсіресе, азулылардың қасында өзін жақсы ұстады. Сыр бермеді. Басқаларға да мән бермеді. Бұл, Назарбаевтың бойындағы ерекше қасиет па деп қалдым. Қазақтың мінезі сондай болуы керек. Көршімен тату тұрып, ымыраласып, араласқанға не жетсін?(!)

0
0
1009

Мәссәған! Ақтөбеде 50 күйші бір мезетте домбыраға тіл бітірді

"Қазақстан" телеарнасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан "Мен қазақпын" мега жобасы батыс өңірімізден бастау алды. Ақтөбелік өнерпаздардың ынта-ықыласы ерекше болғанға ұқсайды. Телеарнаның шығармашылық тобы келе салысымен, бас салып туған жердің шырайын кіргізген рухани жәдігерлерін ортаға салды. «Мен қазақпын» мега жобасының аясында Ақтөбеде сауда орталықтарының бірінің алдында домбыра пати өтті, - дейді aktobenews.kz порталы. 50 күйші бір мезгілде домбыраға тіл бітірді. Мұны шара қонақтарымен бірге Ақтөбеліктер де тамашалады. Батыстың күй мектебінен сыр шертетін бірнеше туындылар орындалды. Оның ішінде шоқтығы биік Құрманғазы, Қазанғап, Дина күйлері айналаны шуаққа төгілтіп жіберді. «Мен қазақпын» халықаралық мега жобасының облыстық кезеңіне 18 үміткер қатысады. Бұл аудандарда іріктеу кезе…

0
0
563

ЭКСПО, Назарбаевтың ғана арманы емес!

Құр отырмай, ЭКСПО ны көк жәшіктен көрдім. Әсерлі сәтті, Ұлттық арнаның ұл-қыздары жақсы берді. Техникалық сүйемелдеуіне риза болдым. Шетел бопты, еврокоптер мен дрондар көшеде толып жүрді. Иін тірескен адамдар. Қош, қысқасы ойдағыдай өткендей болды. Айтпақшы, өткендегі «диван» Батырлар осы көрменің не керегі бар? Құр шығын, елді қарызға батырды, деп байбалам салғандар, кеше алғаш болып мақтап жатты? Тым әлсізбіз? Бір нәрсеге көз жеткізбей жатып, не мақтаймыз, не жамандай жөнелеміз… Бәрінен бұрын Назарбаевтың назарына разы болдым. Кәдімгі құда күткендей толқып, сағатына қарап, еркекше жүрді. Кім, не десе де, бұл Елбасының ғана емес, мұқым елдің арманы-мұраты, тіпті, ниеті… Әйтпесе, билет алуға кезекте тұрғандардың саны осыншама қисапсыз көп болмас еді… Айтпақшы, мұндай көрмені ТМД елдері…

0
0
343

100 жаңа Тұлға: олар кімдер?

Талқы көп, үміткер жетеді. Бірақ, нақты кімдер екенін қоғамдық пікірді қалыптастырушылар анықтайды. Желіде жиі отыратын АК Министрі Д. Абаев блогер Махаббат Есеннің жазбасын бөлісе отырып, былай деп жазды: - «Жұмыс тобының тең төрағасы ретінде мынаны айтқым келеді. Жобаға қатысушы үміткерлердің тізімін жасау үшін түрлі алаңдар мен ақапарттық дереккөздерді пайдаланамыз. Қазір, осы «100 жаңа тұлға» жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр.» Жоба бойынша өтінім қабылдау басталды. - 100esim.el.kz сайтында өтінім қабылдау басталды. Қандай да бір Тұлғаның өмір жолы, жетістігі сізге ерекше көрінсе немесе сіз өзіңіз осыған лайықты болсаңыз, онда жобаға қатысуға болады. Тек, 100esim.el.kz сайтына кіріп, өтінімді толтырсаңыз болғаны. Біз барлық ұсыныс-пікірлерге ашық, дұрыс қараймыз», деп жазады, Минис…

0
0
1136

Өтекешова: “Сәуле, саған айтам, Тұңғышбай, сен тыңда”

Меруерт Өтекешова бұған дейін “Ақжүніс” интернет басылымында жарияланған Тұңғышбай Жаманқұлов пен журналистің сұхбатына жауап беріпті. Ол не дейді? «Ақжүніс» интернет басылымында жарияланған курстасым Тұңғышбай Жаманқұловтың сұхбатын, соның ішінде Тұқаңның мен туралы айтқан пікірлерін оқығанда жаным жабырқады. Оның ақ-қарасын бір Құдай, содан кейін сот анықтай жатар, бірақ мен жайлы айтқан пікірлері барып тұрған шектен шығу, жүгенсіздік, мәдениетсіздік. Онымен сұхбат құрып отырған журналист келіншектің сөздерінен де кекесін есіп тұр. «Меруерт Өтекешова да «Сахнагер» сыйлығын алды. Сөз жоқ, сонау 1970-ші жылдардағы «Қыз Жібек» фильмінен кейін ол кісі «кімсің – Меруерт Өтекешова» болды. Өмір бойы сол Қыз Жібегімен келе жатыр. Кинодағы одан кейінгі бірен-саран рөлдерін ешкім білмейді десек,…

0
0
863