Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бұл — қазақ ұлтшылдарына қарсы жасалған лас акция

Расул Жұмалы бауырыма жасалып жатқан құйтырқы шабуыл - қазақ ұлтшылдарының жаңа, тегеурінді буынына қарсы сыртқы жақтан жасақталған арандату.

Мәселенің мәнісін ол өз парақшасында тәптіштеп жазып берді. Одан артық ақталудың керегі жоқ!

Бір нәрсе айқын - Расул секілді терең интеллектуал әрі мінезді қайраткер ешкімнің көмегінсіз-ақ кітап жаза алады! Әңгіме осымен бітсін!

Бірақ осы лас акциядан туатын бір қорытынды бар.

Расулдың басына түскен жасанды іс ертең, әртүрлі формада басқа да зиялы патриоттарымыздың басына келуі әбден мүмкін,

Қазақ, оның идеясы мен сол идеяны насихаттаушылар күшейе түскен сайын прокремльдік күштер де өңмеңдей түсері хақ. Тырнақ астынан кір іздеп, басқа да арандатулар жасауы әбден ықтимал. "Орыс әлемі" орнын "қазақ әлемі" басып жатқанына олар қол қусырып, қарап отырмайды.

Сондықтан осы ФБ-да Расулды қолдаушылардың қалың орман екенін көріп, дән риза болып отырмын! Осылайша сес көрсетпесек, арандатушылар одан сайын құтырып кетуі мүмкін! Өйткені, олар біздің ішіміздегі мәңгүрттердің қолтығына су бүркіп қояды. Ол ұлтсыздар соған мәз!

Осындай кездерде бір біріміздің қасымызда болайық, ағайын!

Әміржан Қосановтың парақшасынан

0
0
343

Осы тақырып бойынша

Бұл — қазақ ұлтшылдарына қарсы жасалған лас акция - Yvision.kz