Кәрім Мәсімов Президенттен кешірім беруді сұрады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық жасауды өтінді.Фотоколлаж: golos-naroda.kzБұл туралы Informburo.kz жазды.Интернет-басылымның хабарлауынша, қазір Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде ҰҚК тергеу қапасында отыр.«Оның (Кәрім Мәсімовтің – ред.) 2024 жылдың наурызында сол мекемеде отырып Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім беру туралы өтінішхат жолдағаны рас», – делінген ҰҚК-ның басылым сауалына жауабында.Сондай-ақ, онда Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігінің 3-пункті (Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге мүлікті заңдастыру (ізін жасыру) және 366-бабының 4-бөлігі (Ірі көлемде пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған…




