Сенат депутаттары "Масс-медиа туралы" заңды мақұлдады
Бүгін Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен жоғарғы палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «Масс-медиа туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңдарды қарап, мақұлдады.Палата Төрағасы атап өткендей, бұл заңдар масс-медиа саласындағы заңнаманы жүйелі түрде жетілдіруді көздейді. Негізгі заң арқылы масс-медиа қызметінің мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері бекітілді.«Оқиғаларды объективті түрде жариялау және таратылатын ақпараттың анықтығы заңда көрсетілген негізгі қағидаттардың бірі. Жаңа нормалар арқылы БАҚ қызметін ұйымдасты…




