"Жемісі көп болсын!" Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде.Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл облысының Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр. Осы орайда бүгін «Жанашыр жан» қоғамдық қорының директоры Марат Оспановтың көпұлтты шаңырағында (барлығы 15 баланы (4-еуі грек, 2-еуі неміс, 5-еуі орыс) асырап алған) ауласын абаттандыру және жеміс талдарын отырғызу шарасы өтті.Айта кету керек, Марат Оспанов осы жылы «Қайырымдылық керуені» VI республикалық байқауының «Туған жер» аталымы бойынша қоғамдық мәселелерді шешуде ерен еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған. Түрлі ұлттың балаларын бауырына басып отырған отбасы көпке үлгі көрсетуде. "Бүгін ерекше қуаныштымын. Мен бауырыма қанша бала бассам, шаңырағыма сонша береке кірет…





