Қазақ баласы ҰБТ-дан не үшін 1 балл алғанын түсіндірді
Ерасыл Уәлиев есімді биылғы мектеп түлегі әлеуметтік желілерге тіркеліп, онда өзінің ҰБТ-дан 140 балдың 1 балын ғана алғанын сүйінші сұрағандай жалпақ жұртқа жария еткен. Фотоколлаж: ulysmedia.kzОл осындай «жетістігіне» дәлел ретінде желіге өзінің ҰБТ-дағы қорытындысы шыққан бланкінің фотосуретін жүктепті. Онда тест сынағының 2024 жылы 30 маусымда өткені көрсетілген.Ерасыл кейінірек салған видеосында неге бұлай істегенін түсіндіріпті. Айтқандай, ол пікірлерге жауаптарында мұны әдейі істегенін жазған. Сөйтіп, түлек ҰБТ қорытындысымен өмір тоқтап қалмайтынын, оның өмірде жетістікке жетуге кепіл бола алмайтынын дәлелдегісі келген. «Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп мектеп кезінде сабақты дұрыс оқымапты. Сол сияқты Билл Гейтс те дұрыс оқымаған. Барлығымы…

