Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды
Астана соты Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымдарын қанағаттандырмады.
Өткен айда экс-министр әйелін өлтіргені үшін 24 жылға, ал Байжанов осы қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Бишімбаевтың адвокаты енді Жоғарғы сотқа жүгінетінін мәлімдеді.