Сәденов жыл басынан бері іздеуде жүрген 782 адам ұсталғанын айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.Ержан Сәденов:еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, мас күйінде және көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайған;қылмыскерлерді іздестіру жұмысының нәтижесі туралы баяндады. Жыл басынан бері 782 адам, оның ішінде 79 азамат шетелде ұсталған. Іздеуде жүрген 16 адам елге экстрадицияланған;адам көп жиналатын жерлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ақпарат берді. Террористік әрекет тұрғысынан алғанда осал екі мыңнан астам нысан, соның ішінде мектептер, жоғары оқу орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, концерт залдары мен басқа да тарихи-мәде…



