ДСМ балалар лагерлеріне қатысты ұсыныстары мен ескертулерін жариялады
Денсаулық сақтау министрлігі жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында қала сыртындағы балалар лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізеді.Фото: gov.kzАлдын алу шаралары. Биылғы жылы сумен жабдықтаудың жай-күйін, тамақ өнімдерінің сапасын және балалар тұратын жерлерде гигиена нормаларының сақталуын бақылау шаралары күшейтілетін болады. Әр лагерьде қажетті көмек көрсету үшін медициналық персоналдың болуы қарастырылған. Әрбір лагерьге бекітілген ықтимал эпидемиологиялық жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары сауықтыру лагерьлерінің қызметкерлері үшін 100-ден астам оқыту семинарларын өткізді, 163 лагерьде…

