Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Енді Sergek бейнекамералары құрылыс барысын да бақылайтын болды

Бұл, әсіресе, қазір су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмысын жеделдету үшін қажет болып тұр. Құрылыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Sergek Group компаниясымен және алты облыстың әкімдіктерімен серіктестікте тұрғын үй құрылысын онлайн бақылаудың бірегей жүйесін іске қосты.Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы құрылыс нысандарында 50 бейнекамера орнатылып, оның 30-ы іске қосылды. Бұл шара құрылыс жұмыстарының барысын тәулік бойы бақылауды мүмкін етіп, сондай-ақ азаматтарға gov.kz порталы арқылы онлайн-хабарламаларға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыс…

0
0
298

Рыбакина Ролан Гарростың төртінші айналымында жеңіске жетті

Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты.

undefined

Фото: © AP Photo

Рыбакина төртінші айналымда украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық теннисші 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль үшін ойындағы кеткен есесін қайтарды.
Елена жартылай финалға шығу үшін ресейлік Элина Аванесян және италиялық Ясмине Паолини жұбының қай жеңгенімен кездеседі.
Елена биылғы Франция ашық чемпионатында қарсыластарына әлі бірде-бір сет бермеді.

t.me/RRaketkasi

0
0
402

Оралда ірі дүкен отқа оранды

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 57 адам және 26 бірлік техника жұмылдырылды.

undefined

Қызыл жалын жалпы ауданы 700 шаршы метр болатын сауда үй-жайлары мен ғимараттың шатырын шарпыған.

Қазір өрт толық сөндірілді. Оның шығу себебі анықталуда.

undefined

0
0
546

Атырауда ер адам сот залында тамырын кесіп жіберді

Сұмдық оқиға 31 мамырда Атырау облыстық сотында болған. Бірақ ол кезде жай-жапсары айтылмаған еді.

undefined

Сол 40 жастағы ер адамның не үшін сотталғаны бүгін белгілі болды.

Ол тамырын сот үкіміне наразылық ретінде кеңсе пышағымен кесіп жіберіпті.

Ал сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 608-бабы (көлік құралын мас күйінде тізгіндеу) бойынша бір жарым жылға бас бостандығынан айырған. Көп қаны кеткен азамат облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол уақытша ұстау қапасына жөнелтілген.     

Бұл оның бірінші рет істі болуы емес екен. Бұрын озбырлық жасады деген айыппен сотталыпты.

0
0
318

Қазақстан Ресейге балмұздақ жеткізу жөнінен бірінші орынға шығып отыр

Оңтүстік Корея екінші орында.

undefined

Фото: egemen.kz

«РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың алғашқы үш айында Ресейге ең көп балмұздақ тасыған елдер Қазақстан мен Оңтүстік Корея екен.

Қолжетімді мәліметтерге сәйкес, Қазақстан солтүстіктегі көрші елге 2,3 млн доллардың балмұздағын жеткізіп, оның Ресейге басты тасымалдаушысы болған. Ал Оңтүстік Кореядан 1,2 млн доллардың балмұздағы жеткізіліпті. Сөйтіп, бұл екі елдің қаңтар-наурыз аралығындағы Ресейге аталған өнім тасымалындағы үлесі 88% болды.      

0
0
330

Тоқаев: "Көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Ғылым ордасында ғалымдармен кездесті.Президент шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайтынын айтты. Сондықтан елімізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Әрі олар әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек."Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс.Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет. Жалпы, осы бағытта біраз шаруа атқарылып жатыр. Мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты т…

0
0
651

Қазақстаннан Еуродаққа ұшуға қатысты барлық шектеулер алып тасталды

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Еуропалық Одақтың (ЕО) 27 елінің авиациялық  билік өкілдерінің қатысуымен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің  (бұдан әрі қарай – Комитет) отырысы өтті.Фото: Yuri Smityuk/ContributorКомитет отырысы барысында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған  Қазақстанның авиациялық билік делегациясы елдегі ұшу қауіпсіздігі жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйі туралы тыңдады.Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен Комитет отырысы  барысында қазақстандық делегация бұрын анықталған&nbs…

0
0
498

Біржан сал ауданында атқарылған жұмыс та, алға қойған мақсат та ауқымды

Бүгін Ақмола облысындағы Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжанов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап дәстүрлі брифинг өткізді. Журналистермен кездесуде ол өзі басқаратын ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы әңгімеледі.Еліміздегі тұрғындар үшін биылғы көктемнің оңай тимегені белгілі. Республиканың басым бөлігін су басып қалып, халық қатты әбігерге түсті. Бұл зобалаң Ақмола облысын да айналып өткен жоқ. Ең алдымен осы жағдайға тоқталған әкім ел басына күн туған сол кезеңдерде жергілікті биліктің қандай іс-әрекет жасағанын айтып өтті.«Кезең барысында тіршілікті қамтамасыз ететін барлық нысандар және қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп тұрды. Кеңащы, Еңбекшілдер, Көдебас, Яблоновка, Құдықағаш ауылдарының тұрғын үйлерін су басу қаупі жоғары болғанымен, жедел ш…

0
0
120232

Қостанай облысында бас есепші 6 жыл бойы өз атына заңсыз ақша аударып отырған

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы тексеру барысында лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

undefined

Фото: tengrinews.kz

Осылайша, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне заңсыз аударған.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, артық аударылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 12,3 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті келтірілген шығынды толық көлемде өтеді.

Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Қарабалық ауданының прокуратурасы

0
0
395

Қаржы министрлігі польшалық компанияға қатысты халықаралық конвенцияны бұзған

Қаржы министрлігі шетелдік компаниямен «татуласу» рәсімін кешіктірген.Бизнесті қорғау - прокуратура органдарының міндеттерінің бірі.Алматы қаласы соттарының поляк компаниясының («Exalo Drilling» АҚ) салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану туралы талабын қарауы шеңберінде Қаржы министрлігінің халықаралық конвенцияны бұзғаны анықталды.Мемлекеттік кірістер департаменті шетелдік компанияның резиденттік сертификатын қабылдамады және 600 млн теңгеден астам корпоративтік табыс салығын (өсімпұлды ескере отырып) қосымша есептеді.Польшаның Қаржы министрлігі даулы жағдайды қазақстандық тараппен өзара келісу рәсімін бірнеше рет бастауға тырысқаны белгілі болды.Бұл Қазақстан мен Польша арасында жасалған қосарланған салық салуды жою туралы конвенцияда тікелей көзделген.Алайда, қаржы министрлігі сот дау…

0
0
450