Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Атырауда ер адам сот залында тамырын кесіп жіберді

Сұмдық оқиға 31 мамырда Атырау облыстық сотында болған. Бірақ ол кезде жай-жапсары айтылмаған еді.

undefined 

Сол 40 жастағы ер адамның не үшін сотталғаны бүгін белгілі болды.

Ол тамырын сот үкіміне наразылық ретінде кеңсе пышағымен кесіп жіберіпті.

Ал сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 608-бабы (көлік құралын мас күйінде тізгіндеу) бойынша бір жарым жылға бас бостандығынан айырған. Көп қаны кеткен азамат облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол уақытша ұстау қапасына жөнелтілген.     

Бұл оның бірінші рет істі болуы емес екен. Бұрын озбырлық жасады деген айыппен сотталыпты.

0
0
320

Осы тақырып бойынша