Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қостанай облысы

Қостанай облысында бас есепші 6 жыл бойы өз атына заңсыз ақша аударып отырған

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы тексеру барысында лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

undefined

Фото: tengrinews.kz


Осылайша, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне заңсыз аударған.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, артық аударылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 12,3 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті келтірілген шығынды толық көлемде өтеді.

Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Қарабалық ауданының прокуратурасы

0
0
394

Осы тақырып бойынша

Қостанай облысында бас есепші 6 жыл бойы өз атына... - Yvision.kz