Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ҚазАгро» несиелік бағдарламалары бойынша 65 млрд теңгенің өтінімдері мақұлданды

Несиелік бағдарламалар бойынша 65 млрд теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен келіп түскен 3000 өтінім қаржыландырылатын болды.

«Жалпы қазіргі уақытта «ҚазАгро» холингінің несиелік бағдарламалары бойынша 65 млрд теңгеден астам сомасына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен келіп түскен 3000 өтінім қаржыландыруға мақұлданды. Егін егу алқабы 6,3 млн га жерді құрайды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары», - деп көрсетілген компания таратқан баспасөз хабарламасында.

Көктемгі егіс жұмыстары аясында «ҚазАгроҚаржы» компаниясы 8,7 млрд теңге сомасына 994 бірлік ауыл шаруашылық техникасын лизингке алу өтінімдерін қаржыландырды. Астық жинау техникасын алу бойынша 9,1 млрд теңге жалпы сомасына 1 156 комбайндарын иемденуге өтінімдер қабылданды, жалпы сомасы 4,6 млрд теңгені құрайтын 614 комбайнға қаржылық лизинг шарттары жасалды.

Холдингте мәлімдегендей, астық жинау науқанын жүргізуге аграршыларға көмек ретінде отандық өндірістегі отандық комбайндарды жеңілдетілген шарттар бойынша алуға «Егін-2015» бағдарламасы енгізілетін болады. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 7 жыл мерзіміне аванстық төлемді 10 пайыз көлемінде кейінге шегеру арқылы 2015 жылдың 15 қарашасына дейін ұзартуды көздейді. Осы орайда «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялауды ескере отырып сыйақы мөлшерлемесі 6,4 пайызды құрайды. Сонымен қатар, аталған шаралар бидай тазалау және бидай кептіру жабдықтарын лизингке алу үшін де қолданылатын болады.

Ағымдағы жылдың көктемгі егіс және астық жинау науқандарына «ҚазАгро» Ұлттық холдингі жалпы 100,6 млрд теңге сомасын жұмсайды. Бұл көрсеткіш республиканың агросаласындағы маусымдық жұмыстарды қаржыландырудың өткен жылдағы көрсеткішінен 16 пайызға жоғары.

Бұған қоса, осы жылы көктемгі егін және астық жинау науқандарын жүргізуге «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі нің 100,6 млрд теңге бағыттайтынын атап өту қажет. Бұл көрсеткіш холдингтің өткен жылғы осы мақсаттарға жұмсаған қаржысынан 16 пайызға жоғары.

Аграрлық шараларды жүргізуді қолдау «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары арқылы жүзеге асырылады. Қолдау аясында бидайды форвардтық сатып алу, екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру, несие серіктестерін несиелендіру, ауыл шаруашылық техникасының лизингі және тағы басқа іс-әрекеттер кіреді.

Bnews.kz

0
0
553

Осы тақырып бойынша

«ҚазАгро» несиелік бағдарламалары бойынша 65 млрд теңгенің өтінімдері мақұлданды - Yvision.kz