Қазақстан түрiктерi қауымдастығы туризм саласына 125 млн доллар инвестиция тартты
Шикізат тәуелсіздігінен құтылып, өз қолымыздан шыққан тауарымыз бен қызметімізді ұсыну арқылы тұрақты экономикалық жағдай орнату – мақсат, ол сөзсіз. Бұл ретте туризмнің маңызы мен алатын орнын, ойнайтын рөлін ерекше атау керек шығар. Оңтүстігі мен солтүстігі, шығысы мен батысы бір-біріне ұқсамайтын Қазақстанның ішкі және сыртқы саяхатшыларды қызықтыратындай-ақ жөні бар. Тек қолға алу қажет. Әрине, алдымен инвестиция тарту керек. Төмендегі жаңалықты оқып отырып, өткенде ғана Алматыда «Атажұртқа қош келідңдер, қандастар!» деп қарсы алған жазу есіме түсті. Қуантады, әрине. Қазақстандық түрiктер былтыр елiмiздiң туризм саласына 125 млн АҚШ доллары көлемiнде инвестиция тартты. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесiнiң…