Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарым-қатынастар мүмкіндігі артып келеді

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Ықсанова бастаған бір топ депутат Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті төменгі палатасының (Волеси Джирга) делегациясын қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Делегация жетекшісі Ауғанстан Парламентінің Әйелдер мен балалар істері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Шукрия Пайкан Ахмади болды.

Кездесуде негізгі әңгіме Мәжіліс ұйымдастырған Қазақстан халқы ­Ас­сам­­­б­­леясының 20 жылдығына арнал­ған халық­аралық конференцияға арнал­ды. Жүздесуде Қазақстандағы ұлт­ара­лық келісім тәжірибесіне көпұлтты Ауған­стан тарапы қызығушылық танытты.

Сонымен бірге, Г.Ықсанова Мәжі­ліс өткізген конференция оған қаты­сушы­лар үшін барлық жағынан пайдалы болға­нын айтты. Және де Қазақстан Прези­денті Н.Ә.Назарбаев пен біздің халық бейбітшілікті және соған ұмтылған барлық ел­дерді қолдайтынын, соның ішінде Ауған­стан да бар екенін атап өтті. Сол мақсат­қа жету үшін екі ел арасындағы жан-жақты ынты­мақтастық, әсіресе, мәдени-ізгілікті бағытты қамтиты­нын мәлімдеді.

Шукрия Пайкан Ахмади кон­фе­­рен­цияға шақырылғаны үшін алғы­сын айтып, Ауғанстанға жасалып жатқан барлық көмекке, әсіресе, қайырымдылық көмегіне ризашылық білдірді. «Біздің елімізде болған соғыстарда, соның ішінде талибтермен соғыста әйелдер қат­ты зардап шекті. Ауғанстан өз дос­та­ры­ның көмегіне зәру», – деп мәлім­­­деді Ауғанстан парла­мент­шісі. Сон­дық­тан мұндай жиындар, парла­мент­тік дипломатияны жан­дандырады, халық­тардың ынтымақ­тастығын арттырып, бейбітшілік пен өсіп-өркендеуге негіз қалайды.

Парламентаралық мәселелерді кең ауқымда қарастырған жүздесуге Мә­жі­ліс депутаттары У.Бишімбаев пен М.Қаз­бекова және Ауғанстан Ислам Респуб­ликасы Парламенті Волеси Джиргасының бюджет бойынша комиссия мүшесі Баз Мохаммад Джаузджани, Ауғанстан Ис­лам Республикасының Қазақстан Респуб­ликасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Фарук Бараки  қатысты.

Анықтамалық: Ұлттық ассамблея — Ауғанстанның екіпалаталы мүшесі және заңнамалық биліктің жеткізушісі. Ауғанстан Конституциясына сәйкес қабылданатын заңдар ислам ережелеріне қайшы болмауы керек. Ұлттық ассамблея құрылған 13 қазан Ауғанстанның ұлттық мерекесі болып табылады.

Ассамблея Мешрано Джирга (Ақсақалдар үйі) және Волеси Джирга (Халық үйі) атты екі палатадан тұрады. Барлық заңнамалық бастамалар екі палатамен бекітілуі тиіс. Жоғарғы палата 102, төменгі палата 249 депутаттан тұрады. Ақсақалдар үйі мүшелерінің үштен бірін президент, қалғанын аймақтық кеңестер сайлайды. Халық үйін ел азаматтары дауыс беріп сайлайды.

Egemen.kz

0
0
520

Осы тақырып бойынша

Қарым-қатынастар мүмкіндігі артып келеді - Yvision.kz