«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» партиялық жобасы аясында
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досмаилов Қанат Нүркешұлы, және «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РҚБ Панфилов аудандық филиалының төрағасы Керімқұлов Тохтарбай Әкімұлы, «Жаскент» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сарпек Мухатархан Құмарбекұлы Қарттар күніне орай және «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» партиялық жобасы аясында, ауыл ақсақалы ардагер ұстаз, ауданның құрметті азаматы Ушпаев Сағымбек атамызға барып, хал-жағдайын біліп, сырласып, сый-сияпатын беріп қайтты. Қиындық келсе де жасымай қарсы тұра білген атамыз, қазіргі таңда бала-шаға, немерелері арасында отбасының ұйытқысы болып отыр. Разы болған атамыз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
#Ардагерлердіардақтайық
