Ардагерлер ұйымының төрағасы Керімқұлов Тоқтарбай Әкімұлымен кездесу жиналысы өткізілді.
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы Қоңырөлең ауылдық мәдениет үйінің кіші мәжіліс залында аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Керімқұлов Тоқтарбай Әкімұлымен кездесу жиналысы өткізілді. Жалпы кездесуге округтегі ақсақалдар кеңесінің төрағалары, билер кеңесінің мүшелері, аналар кеңесінің төрайымдары, қоғамдастық жиын мүшелері, мешіт қауымы, мекеме басшылары мен шаруақожалық төрағалары қатысты. Кездесу жиынында ардагерлерге қатысты мәселелер қозғалып, алдағы уақыттарда қай бағыттарда жұмыс жүргізілетіндігі туралы баяндалды. Осымен бірге, бірнеше азаматтардан ұсыныстар айтылып және алғыс хаттар табыстады.
#Ардагерлердіардақтайық
