Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Құрбан шалу кезіндегі жарылыстан зардап шеккен 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр

БҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар Оралдағы «Ел ырысы» базарында болған газ баллоны жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

undefined

Фото: inform.kz

27-67 аралығындағы сегіз ер адам, сосын 2007, 2009 жылы туған екі бала зардап шеккен. Кәмелет жасына жетпегендердің біреуі жансақтау бөлімінде, екіншісі травматология бөлімінде жатыр.

Ересектердің үшеуі жансақтау бөліміне, ал төртеуі көпжарақат бөліміне орналастырылған.

Айта кетейік, Оралдағы оқыс оқиға кеше құрбан шалған малдың басын үйітіп жатқан кезде болған.

0
0
390

Үндістанда жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соғысып, 15 адам қаза тапты

Көз жұмғандар саны әлі өсуі мүмкін. Әзірге 60 адамның жараланғаны белгілі.

undefined

Қайғылы оқиға Батыс Бенгалия штатындағы Рангапани станциясында болған. Тауар тиелген пойыздың соққысынан Kanchanjunga Express пойызының артқы вагондары рельстен шығып кетіпті.

0
0
317

Саусақтан шықпай қалған сақина

Құтқарушылар айел адамның саусағынан шықпай қалған сақинаны алып тастауға көмектесті. Ерекше жағдай Жетісу облысында болған.

Жүзік қыздың саусағын қысып қалып, оны өзгелердің көмегінсіз шешу мүмкін болмапты.

Жедел құтқару жасағының қызметкерлері қызды жарақаттамай, арнайы сым кескіштермен кесіп, саусақты тез арада сақинадан босатты.

https://t.me/qr_tjm

0
0
592

Атырауда бұрынғы әйелін пышақтап кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Сұмдық оқиға сегіз күн бұрын болған.

undefined

Қаскөйдің әрекеті видеоға түсіп қалып, күдіктінің кім екені анықталғанымен, жігіт әлі табылған жоқ.

Оқиға былай болған: Ер адам кезекті ұрыс-керістен кейін бұрынғы азаматтық некедегі әйелін подъездегі баспалдақтың астында жасырынып күтіп тұрады. Келіншек шыққан кезде қаскөй оған бірден тап беріп, бірнеше рет пышақ салған.

Әйел облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ал жігіт қашып кеткен.    

Атырау қалалық №1 полиция бөлімінің бастығы Руслан Бәйтеновтің айтуынша, ер адам 29 жаста, ал келіншек 33 жаста екен.  

«Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру кешенді шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді Бәйтенов.

0
0
259

Президент мұсылмандарды Құрбан айтпен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі. Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз. Айттан айтқа ам…

0
0
913

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды

undefined

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:
- асүйде пісіп жатқан тамақты қараусыз қалдырмаңыздар;
- плита жанында орамал, қағаз және басқа да тез тұтанатын заттарды ұстамаңыздар;
- электр кабельдерін плитадан алыс орнатыңыздар.
Сіздің қырағылығыңыз өз қауіпсіздігіңіз екенін есте сақтаңыздар.
Өрт болған жағдайда “101” немесе “112” нөмірлеріне хабарласу керек.

https://t.me/qr_tjm

0
0
560

«Таза Қазақстан» акциясы жалғасын тауып жатыр

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында су тасқыны болмаған өңірлерде өтті. «Осы бастаманы қолдау мақсатында апта сайын «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атты шаралар ұйымдастырылып, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитариялық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша акцияға 2,4 миллионға жуық адам, соның ішінде еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты. Жүздеген мың аула мен 20 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазартылды, 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, шамамен 2,5 миллион көшет отырғызылды», – делінген Президен…

0
0
1040

Қонаевты және жаңадан құрылған Алатау қаласын дамыту жайы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады.Марат Сұлтанғазиев:облыстың биылғы қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады:      – жалпы өңірлік өнім көлемі 5 триллион теңгеге жеткен облыс еліміз бойынша бесінші орында тұр;– қаңтар-мамыр айларындағы қысқа мерзімдік экономикалық көрсеткіш 107,9 пайызды құраған;– өнеркәсіптің жалпы көлемі жөнінен өңдеу өнеркәсібі (88,5%) жетекші орынға ие;ауыл шаруашылығы, байланыс қызметі, көлік, құрылыс салаларында және сауда-саттық секторында да айтарлықтай өсім қарқыны байқалатынын айтты;облыс аумағында 7 индустриялық аймақ құрылып жатқаны жөнінде баяндалды. Өңірдің 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфеліне жалпы құны 3,7 трилли…

0
0
378

Мәсімовке рақымшылық жасала ма?

Бұл сұраққа бүгін Парламент кулуарында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина жауап берді. Назгүл Рахметуллинаның айтуынша, Жоғарғы сотқа Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс келіп түспеген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы басшысының кешірім жасау туралы Президентке өтініш жолдағанын бұрын хабарлағанбыз. Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған еді. 2023 жылы сәуірдің аяғында Астана соты оны мемлекетке сатқындық жасағаны, билікті күшпен басып алуға талпынғаны, билік пен қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды. Қазір Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде ҰҚК тергеу қапасында отыр. Өйткені оған қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігінің 3-пу…

0
0
256

Елімізде судьялардың 350-ден астам жұмыс орны бос тұр - Денис Шипп

Қазақстанға қазір осынша судья қажет екен.

undefined

Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 3 жылдан аса уақыттан бері судьялар жоқ. Онда ешкім жұмыс істегісі келмейді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп мәлімдеді.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

0
0
264