Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Байден мен Зеленский Украинаны қорғауды көздейтін келісімге қол қойды

АҚШ және Украина президенттері Джо Байден мен Владимир Зеленский қауіпсіздік туралы екіжақты он жылдық келісімге қол қойды.

undefined

Фото: president.gov.ua

Келісім Украинаны қорғауды күшейтуге бағытталған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл құжат Киевтің НАТО-ға мүше болу мүмкіндігіне салынған көпір болмақ.

Бұрынырақ Польша президенті Анджей Дуда Украинаны НАТО-ға қабылдаудың ресми рәсімін мүмкіндігінше тезірек бастау керектігін мәлімдеген еді. Оның ойынша, Киевті әскери блокқа ресми түрде шақыратын уақыт келді.       

0
0
517

Түркістан облысында блогерлер ұсталды

Түркістан облысында полиция бопсалау дерегіне қатысы бар деген күдікпен 2 блогерді қолға түсірді.

Облыстық ПД ҰҚҚКБ және Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады.
Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоқы жасап, ақша бопсалаумен айналысқан көрінеді.
Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотталған.

t.me/POLICE_of_KZ

0
0
309

Елімізде шегірткеге қарсы күреске 2,5 мыңнан астам адам жұмылдырылған

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті шаруаларға шегірткеге қарсы дәрі себілетін аумақтарды анықтау және өңдеу мәселелері Премьер-министрдің ерекше бақылауында екенін жеткізді.

undefined

Сондай-ақ министр АШМ шегірткелердің егістік жерлерді басып қалуын болдырмау және ауыл шаруашылығы құрылымдарына залалын тигізбеу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Шегірткеге қарсы осындай шаруаларды атқаруға ел бойынша 2,5 мыңнан астам маман, 427 арнайы техника: 289 жер үсті желдеткіш пен штангалы бүріккіш, 56 аэрозольді газ генераторы, 36 аса жеңіл әуе техникасы, 36 ұшақ жұмылдырылған.

undefined

https://t.me/KZgovernment

0
0
545

Қостанайда Hyundai Motor Group салып жатқан зауыт жылына 70 мың автокөлік шығарады

Еліміздің Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр оңтүстіккореялық Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті Ким Донг Вукпен кездесті.

undefined

Кездесу барысында Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамытудың негізгі мәселелері қаралды.

Кездесу барысында тараптар шетелдік инвестордың еліміздің Үкіметі жүргізіп отырған локализация саясатына белсенді қатысуын талқылады.

Аталған компания өткен жылдың аяғында Қостанайда автомобиль шығаратын зауыт сала бастаған еді. 200 млн доллар инвестиция құйылған бұл кәсіпорында жылына 70 мың көлік жасалады делініп отыр.

0
0
373

"Бұл не болды екен?" Алматы аспанынан белгісіз денелер жанып өтті

Бүгін түнгі сағат 3-тер шамасында Алматы мен басқа да қалалардың төбесінен жарқ-жұрқ еткен бірнеше нысан байқалды.

"Оның не екенін әзірге айту қиын. Көрген адамдар мұны әлдеқандай ғарыш денесінің сынықтары болуы мүмкін деп отыр.

Енді біреулер кеше SpaceX компаниясының Falcon 9 зымырандарын екі рет ұшырғанын еске салуда. Олар орбитаға Starlink жүйесінің интернет-жерсеріктері мен Transporter-8 миссиясына қосымша құралдарды жеткізуі тиіс", - деп жазады CMN.KZ.
Видеоға түсіріп тұрған тағы біреулер бұл жанып жатқан ұшақ дегенге келтірген.

Бейнежазбалар Kris_p_almaty телеграм-арнасынан алынды

0
0
523

Корея Республикасы Президентінің мемлекеттік сапары кезінде қандай құжаттарға қол қойылды?

Бүгінгі келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея басшылары Бірлескен мәлімдеме жасады. Ал екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды: 1. Энергетика саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық туралы келісім;2. Мұнай-газ және мұнай химиясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы маңызды минералдар мен металдар саласындағы жан-жақты ынтымақтастық туралы меморандум; 5. Қазақстан Республик…

0
0
368

Елімізде енді мемлекеттің тұрғын үй саясаты айтарлықтай өзгереді

51 мың отбасыға арендалық баспананы «қалдық құнымен» сатып алуға мүмкіндік берілгелі жатыр.
undefined
Фото: egemen.kz

Бүгін Мәжілісте мемлекеттің тұрғын үй саясатын айтарлықтай өзгертуді қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы екінші оқылымда қаралады.

Онда жағдайы нашар азаматтардың мемлекеттен үй алуына барынша мүмкіндік беру көзделген.

0
0
269

Павлодар облысында үш қаланың жылу жүйелерін реттеуге 9 млрд теңге бөлінді

Үкімет Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға және реконструкциялауға 9 млрд теңге бөлді.Бұл қалалардағы желілердің орташа тозу көрсеткіші 59-90% аралығында.Мемлекет басшысының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды кешенді жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға және реконструкциялауға Үкімет резервінен 9 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды.Осылайша, Павлодарда (3,6 млрд теңге) ұзындығы 2,5 шақырым болатын ТМ-13 жылу магистралі салынады. Бұл 41,5 мың адам тұратын Павлов – Шевченко – Катаев көшелері орналасқан аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Екібастұзда жалпы ұзындығы шамамен 4 ш…

0
0
240

Алматыда қонақ үй отқа оранды

Оқиға Алатау ауданында болған.

Қонақ үйдегі өрт бүгін таң алагеуімде тұтанды.

"Шақырылған сәттен бастап 45 минут ішінде өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда. ТЖМ күштерімен өрт таңғы сағат 07:00-де толықтай жойылды", - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

0
0
444

Бишімбаевқа қатысты істі апелляциялық сот қарайтын болды

Әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді.
undefined
Енді экс-шенеунікке кесілген сот үкімі қайта қаралады. Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен онымен бірге істі болған Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі биыл 13 мамырда шыққан болатын.

0
0
342