Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Алматы облысының бас полицейі тұрғындардың шағымын тыңдады.

Алматы облысының бас полицейі тұрғындардың шағымын тыңдады. «BNews.kz», 14.03.2014ж. Бүгін Алматы облысының бас полицейі полиция полковнигі Мұрат Ұрымханов Көксу ауданының тұрғындарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Bnews.kz облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Тазабековаға сілтеме жасап. Аудан тұрғындарымен емен-жарқын әңгіме өткізген облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы М.Ұрымханов кездесу барысында тұрғындардың полиция қызметі туралы пікірлерін біліп, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Полиция полковнигімен бірге кездесуге қатысқан Ішкі істер департаментінің қызмет басшылары да аудан тұрғындарын облыстағы қылмыстық ахуалмен таныстырып, оларды қылмыстың алдын алуға және орын алған қылмыстарды ашуға бір кісідей ат салысуға шақырды», - деді…

0
0
585

Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды.

Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды. «BNews.kz», 13.03.2014ж.
Орал полицейлері 350-ден астам қару-жарақты жойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Акция «КазАрмаӨнеркәсіп» АҚ-та өтті. Қару-жарақ бұрынғысынша арматура зауытының балқыту пештеріне салынады. Онда полицейлер полиэтилен мөшектерге салып аңшылық қарулар, шолақ мылтықтар және газ тапаншалар әкеледі.   

Пешке 328 тегіс оқпанды мылтық, 7 шолақ мылтық, 17 газ тапанша мен револьвер және 2 электрошокер салынды.

2013 жылы ерікті түрде қару тапсырған облыс азаматтарына 12 млн теңге бөлінді. Халықтан қару-жарақты сатып алу акциясы биыл да жалғасын табады. Бұл мақсатқа 13 млн теңге қарастырылған.

0
0
222

Қызылордада 140-тан астам нәзік жанды полиция қатарында қызмет етеді.

Қызылордада 140-тан астам нәзік жанды полиция қатарында қызмет етеді. «BNews.kz», 11.03.2014ж.
«Нақты айтсақ, қазіргі таңда облыста ішкі істер органдарында 143 нәзік жанды қызмет етеді. Полицейлер қатарындағы арулар жұмысына жауапкершілікпен, бәріне байыппен қарайды. Бұл азаматтармен жұмыс жасауда аса маңызды қасиет екені анық.

8 наурыз мейрамы қарсаңында облыстық ІІД-де өткен салтанатты жиында 70-ке жуық ару алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар мерекелік концертті тамашалады» - деді ол.

0
0
198

Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Ақтөбеде болды.

Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Ақтөбеде болды. «BNews.kz», 05.04.2014ж. Ақтөбе облысына Президент Жолдауын түсіндіру бойынша барған Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамында ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Ж.Сүлейменов те болды, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «Криминалдық полиция комитетінің төрағасы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында 12 ақтөбеліктің шағымына құлақ түрді. Сұрақ қоюшылар жақындарына қатысты қылмыстық істердің тергелуін, жеке куәлік алу, көші-қон және азаматтық алу, сондай-ақ ішкі істер органдарына қайта қызметке алу, зейнетақы төлемдерін өсіру және т.б. мәселелерін көтерді», делінген хабарламада. Кейбір мәселелер бойынша нақты түсіндірілді. Қалғандары бақылау…

0
0
431

БҚО-да жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні өтті.

БҚО-да жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні өтті. «BNews.kz», 04.03.2014ж.
Батыс Қазақстан облысында «Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні» акциясы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға жоғары оқу орындары студенттері қатысқан.

Олар адамдар неғұрлым көп жиналатын орындарда жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақыратын үгіт-насихаттық материалдар таратты.

«Ағымдағы жылдың қаңтар айында жаяу жүргіншілерге қатысты 732 әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың 62-сі жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілерге толтырылды»,- деп көрсетті баспасөз қызметі.

0
0
401

БАҚ үшін ақпарат

БАҚ үшін ақпарат Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Президентіннің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамындағы сапары барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов халықпен өзара жақындасу мақсатында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Оған 12 ақтөбелік келіп, өздерін мазалаған сұрақтарды қойды. Комитет төрағасына сұрақ қоюшылар жақындарына қатысты қылмыстық істердің тергелуін талқылады, жеке куәліктерді алу, көші-қон және азаматтық алу, сондай-ақ ішкі істер органдарына қайта қызметке алу, зейнетақы төлемдерін өсіру және т.б. мәселелер сөз болды. Азаматтардың барлық өтініштері бақылауға алынатын болады. Кейбір мәселелер бойынша нақты…

0
0
425

Жыл басынан бері СҚО-да заңсыз сақталған 18 дана қару тәркіленді.

Жыл басынан бері СҚО-да заңсыз сақталған 18 дана қару тәркіленді. «BNews.kz», 26.02.2014ж. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жыл басынан бері заңсыз сақталған 18 дана тегіс оқпанды мылтықты тәркіледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Заңсыз сақталған оқ ататын қарулар мен оқ-дәріні тәркілеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері азаматтық қару-жарақты бақылау бойынша алдын ала жұмысты жандандырды. Өткен аптада тіркелмеген 6 дана қару тәркіленді. Жыл басынан бері барлығы заңсыз сақталған 18 дана тегіс оқпанды қару тәркіленді», - дейді ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Ольга Шиян. Жыл басынан бері екі мыңдай қару иесі тексерілді. 184 әкімшілік заңнама бұзушылығы анықталды: сатып алу, сақтау, қаруды сату тәртібінің бұзылғаны үшін - 17, сатып алу, са…

0
0
263

Қарағанды полицейлері қар астында қалған жүк көлігінің жүргізушісін құтқарды.

Қарағанды полицейлері қар астында қалған жүк көлігінің жүргізушісін құтқарды. «BNews.kz», 26.02.2014ж. Қарағанды облысының полицейлері омбы қардың астында қалып қойған «MAN» автокөлігінің жүргізушісін құтқарды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «24 ақпан күні -39 градус аязда Қарағанды облысы ІІД ӘПБ жол-патрульдік полиция батальонының полицейлері Арман Сейітов пен Ерқанат Медетов «Алматы-Екатеринбург» тасжолында күртік қарға батып қалған «MAN» маркалы жүк көлігінің жүргізушісін көреді. Ол өз күшімен қар құрсауынан автокөлігін алып шықпақ болған», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Жанатай Сембеков. Жүк көлігінің қозғалтқышы істен шығып, жүргізуші жолдағы қозғалысқа кедергі келтірмеу үшін тез арада көліктің тежеуін басуға мәжбүр болып, қ…

0
0
247

Қызметтік иттердің көмегімен 149 қылмыстың беті ашылды.

Қызметтік иттердің көмегімен 149 қылмыстың беті ашылды. «Baq.kz», 21.02.2014ж. Алматы облысында орын алып жатқан қылмыстардың бетін ашуда қызметтік иттердің орны ерекше. Олар негізінен есірткі заттары мен жарылғыш заттарды табуға үйретілгенімен, із кесуге де бейім. Кинология орталығының иттері өткен жылы 149 қылмысты ашуға көмектесіпті. Оның ішінде: 5 адам өлтіру, 68 ұрлық, 12 қарақшылық пен тонау қылмыстары бар. Сондай-ақ, иттердің көмегімен 4 әйел зорлау қылмысы да анықталып, 56 факт бойынша есірткі заттары тәркіленген. Ал, биылғы жылдың қаңтар айында мақұлықтардың көмегімен 16 қылмыс ашылды. Аталған орталықта қазір 17 ит үйретілуде, олар негізінен неміс овчаркасы, бельгиялық малинуа және спаниели тұқымдасына жататын иттер. Кинологиялық орталыққа қазір тағы да 9 ит әкелініп, оларды тәжі…

0
0
403

БАҚ-қа ақпарат

БАҚ-қа ақпаратСолтүстік Қазақстан облысында Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы туралы. Солтүстік Қазақстан облысында 19-20 ақпанда мемлекетіміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың басқаруымен республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді. Топ құрамына ауыл шаруашылығы, әділет, экономика және бюджеттік жоспарлау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, индустрия, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және ақпарат, қаржы, өңірлік даму м…

0
0
274