Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» — «1402»

«ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» - «1402»

ІІМ жүйесінде заңдылықты бұзушылықтар, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефонына» келіп түскен азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың бірыңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ қазіргі уақытта стационарлық телефоннан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, абоненттік нөмірі «1402» - «ІІМ Бірыңғай сенім телефоны» қолданысқа енгізілді.

1
0
6064

Көлік сақшылары Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талқылады.

Көлік сақшылары Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талқылады. «ҚазАқпарат», 03.02.2014ж. Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінде Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының басым бағыттары талқыланды. Жиынға департамент басшылығы мен жеке құрамы және «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері қатысты. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлап отыр. Жиын барысында департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов Елбасының Жолдауда берген негізгі тапсырмаларына, оның ішінде, ішкі істер органдары қызметкерлеріне жүктеген міндеттеріне тоқталды. Ұлт Көшбасшысы стратегиялық құжатта: «Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқы…

0
0
342

Полицейлер шет тілдерді үйренуге назар аударуы керек.

Астана қалалық ІІД өткен жиында ІІМ вице-министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев осылай деді. Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция жаңа жұмыс тәртібін енгізу керек. Мектеп инспекторларының жұмысына ден қойып, колледждердегі жағдайларды қадағалау қажет. Толығырақ http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/F14650F3C3C2035DE044002655122E6A

0
0
388

2013 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша ҚР ІІМ кеңейтілген Алқа отырысы туралы БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі С. Н. Ахметовтың, Бас прокурор А. К. Дауылбаевтың және Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі А. Ж. Шпекбаевтың қатысуымен, Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың төрағалығымен ІІМ кеңейтілген Алқа отырысы өтті. Отырыс барысында ішкі істер органдарының 2013 жылғы жұмыс қорытындысы мен Президент Н. Ә. Назарбаевтың ү.ж. 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізінде ішкі істер органдарына қойылған талаптар мен Жолдаудың басым бағыттары талқыланды. Атқарылған жұмысты қорытындылай келе Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қабылданған оң шешімдердің нәтижесінде министрліктің жедел-қызмет саласының бірқатар бағыттары көптеген жетістіктерге жеткендігін атап өтті. Мә…

0
0
449

2014-2016 жылдары Ішкі әскерлердің даму бағдарламасына 201,5 млрд. теңге бөлінеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов мәлім етті. «Жоспардың мақсаты - ҚР Ішкі істер министрлігі жүйесінде мобильді, кәсіби, дайындығы жоғары, заманауи әскери қарулармен, арнайы техникамен жарақталған, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тиімді шешетін және мемлекет қорғанысына әрдайым дайын тұратын әскери жасаққа ие болу. Міндеті - ішкі іскерлерге заңнамамен жүктелген міндеттерді орындау үшін олардың жауынгерлік деңгейін қамтамасыз ету.

Толығырақ http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/F0BA8ED8D181130AE044002655122E6A

0
0
245

ҚР Президентінің Жолдауы СҚО Ішкі істер департаментінің ұжымында да талқыланды. «ҚазАқпарат», 20.01.2013ж.

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының басты бағыттары ұжым ішінде талқыланды, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметінен. Полиция офицерлері «Стратегия-2050» жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен басты міндеттерін ден қойып тыңдады. Құқық қорғау қызметкерлері еліміздегі құқықтық тәртіпті, оның адамдардың қауіпсіздігі мен қолайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етуі бойынша міндеттерді нақтылады. СҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев Жолдауды қарап біткен соң Мемлекет басшысының құқық қорғау саласының қызметкерлерінің алдына қойған міндеттерінің өзектілігіне тағы бір тоқталды: «Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер…

0
0
309

Ақмола полицейлері РФ Мәскеу облысында 14 жыл мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскерді құрықтады.

Ақмола полицейлері РФ Мәскеу облысында 14 жыл мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскерді құрықтады. «ҚазАқпарат», 14.01.2014ж. Ақмолалық полицейлер РФ Мәскеу облысында кісі өлтіргені үшін 14 жыл мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскерді құрықтады.Бұл туралы Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Айыпталушы Көкшетау қаласында 1999 жылы жасаған қылмысы үшін ҚР ҚК 96-бабы (кісі өлімі) бойынша іздестіруде болған.1999 жылы 6 шілдеде айыпталушы Көкшетау қаласының соңғы аялдамадағы диспетчерлік пунктінде шала таныс Көкшетау қаласының 36 жасар тұрғынымен спирттік ішімдік ішіп, артынан оны соққыға жығады, қару ретінде тұрмыстық затты пайдаланған.Алған жарақаттардың нәтижесінде жәбірленуші сол жерде жан тапсырады, ал күдікті қылмыс орнын суытып үлгереді.1999 жылдың 20 шілдесінде 28 жасар к…

0
0
366

Алматы облысында полицейлер 40 жолаушысымен жолда қалған автобусты қар құрсауынан шығарды.

 «ҚазАқпарат», 08.01.2013ж.
«Мерседес» маркалы қалааралық автобусы «Алматы-Өскемен» тас жолының 606-шақырымында жылыту жүйесінің бұзылуынан қар құрсауында қалды.   

Жол полициясының бақылау бекетіне автобус жайлы ақпарат түнгі үштен кейін, боран басталған соң түскен.

Қырық градустық аязда қалған жолаушыларды жол полициясының үш экипажы шығарып алды.

Жолаушылар Үшарал қаласындағы полиция бекетінің жанындағы дәмханада жылынды. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін, жолаушылардың көбі жол-жөнекей көліктерге отырғызылды.

Автобус жүргізушісімен бірге Үшарал қаласына жеткізілді.

0
0
278

Мереке күндері павлодарлықтардың тыныштығын 656 тәртіп сақшысы күзетеді.

Павлодар облысында мереке қарсаңында және жаңа жыл күндері құқық қорғау органдарының жұмысы күшейтіледі,деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен. Павлодар облысында 239 мерекелік шара өтеді. Тәртіпке жауап беретін полицияның барлық жеке құрамы күшейтілді. Көшедегі азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін 656 полиция қызметкері бақылайды.

Набережный, Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының маңында өтетін жаппай көңіл көтеру орындарындағы тәртіптің сақталуын 120 адам қадағалайды. 900-ге жуық полиция қызметкері өздерінің жұмыс орындарында болады. Жедел әрекет ету үшін мереке күндері судьялар мен прокурорлар кезекшілік жасайды.Жедел басқару орталығында 64 бейнебақылау камералары үнемі іске қосулы күйінде болады.

0
0
384