Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Алматылық полицейлер жолаушылар тасымалы саласын бақылауға алады.

Алматылық полицейлер жолаушылар тасымалы саласын бақылауға алады. «BNews.kz», 05.05.2014ж.
Алматыда 4-6 мамыр аралығында «Автобус» жедел- алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Шара барысында полицейлер автокөлік кәсіпорындары мен жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкерлердің тасымалдау ережесін қатаң сақтауларын тексеретін болады.

Автобустардың техникалық жағдайы мен жүргізушілердің жол ережесін бұзбауына басты назар аударылады», - деді қалалық әкімшілік полициясы басқармасы басшысының орынбасары полиция майоры Махмұд Жағабаевқа сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін автобустар мен таксилерге тыйым салу шаралары қабылданады.

0
0
251

30 сәуірде жол жүру ережесін бұзғандарға тағайындалған айыппұлдың жаңа шарттары күшіне енеді.

30 сәуірде жол жүру ережесін бұзғандарға тағайындалған айыппұлдың жаңа шарттары күшіне енеді. «Tengrinews.kz», 30.04.2014ж. 30 сәуірден бастап жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге тағылатын әкімшілік жауапкершіліктің жаңа шарттары күшіне енеді. ҚР Ішкі істер министрлігінің жол қауіпсіздігі комитеті ресми сайтында жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге тағылатын айыппұл кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тарқатып айтар болсақ, енді мемлекеттiк тiркелген номер белгіcі оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған көлiк құралдарын басқарған жүргізушілерге бес айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) мөлшерiнде айыппұл салынады. (1 АЕК - 1852 теңге). Мемлекеттiк техникалық байқаудан өтпеген не тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарса 3 АЕК, тежегiш…

0
0
260

Алматы облысында жыл басынан бері заңсыз қару-жарақ айналымынан 200 атыс қаруы тәркіленді.

Алматы облысында жыл басынан бері заңсыз қару-жарақ айналымынан 200 атыс қаруы тәркіленді. «BNews.kz», 30.04.2014ж.
Биылғы жылы Алматы облысында 200 атыс қаруы, 500 оқ-дәрі және әртүрлі модификациялы 5 граната заңсыз айналымнан алып тасталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.   

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, заңсыз сақталған қару-жарақтарды «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шаралар барысында тәркіленіп жатыр. Мұндай шаралардың соңғысы Кербұлақ, Қарасай аудандарында және Қапшағай қаласында өткен. Тәркіленген қарулар бұрын-соңды Алматы облысында болған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру үшін баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қазір анықталған фактілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

0
0
179

СҚО-да ауыл тұрғыны полицияға өткен ғасырдан сақталған қаруды өткізген.

СҚО-да ауыл тұрғыны полицияға өткен ғасырдан сақталған қаруды өткізген. «ҚазАқпарат», 30.04.2014ж.
Жамбыл ауданының ішкі істер бөліміне Пресновка ауылының тұрғыны сарайында көптен бері шаң басып жатқан қаруды тапсырды.

Тексеру барысында бұл қарудың өткен ғасырдың орта тұсында кеңес сарбаздары кеңінен қолданған сапер күрегі мен минометтің қисындастырылған құрылымы екені анықталды, деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

0
0
154

Көліктегі ІІД-де жас қызметкерлердің слеті өтті.

Көліктегі ІІД-де жас қызметкерлердің слеті өтті. «BNews.kz», 25.04.2014ж. Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінде жас қызметкерлердің Слеті өтті, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі. Іс-шара мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру және жас көлік сақшыларын патриоттық сезімге баулу. Іс-шараны Көліктегі ІІД бастығы полиция полковнигі Берік Бисенқұлов құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде, көлік сақшыларының алдында тұрған негізгі міндеттер мен мақсаттарға тоқталды. «Бүгінгі Слет – біздің департаментте білікті мамандарды қалыптастыруға аса мән берілетіндігінің айғағы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен, жылдан-…

0
0
268

Қостанайда жазасын өтеп шыққандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ

Қостанайда жазасын өтеп шыққандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. «ҚазАқпарат», 25.04.2014ж. «Нұр Отан» ХДП Қостанай филиалы жазасын өтеп шыққандар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруды ұсынды. Бұл ұсыныс «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында сотталғандар мен жазасын өтеу орындарынан босап шыққандарды әлеуметтік оңалту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлады Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінен. Департамент басшысының орынбасары Болат Байжановтың сөзіне қарағанда, бұл жердегі мәселе тек жазасын өтеу орындарынан босап шыққан адамдардың бейімделуіне ғана емес, сонымен бірге оларды жұмыспен қамтуға да қатысты болды. «Сол себепті бос орындар жәрмеңкесін бірінші рет жақын арада УК-161-12 қатаң режимдегі колониясының базасында ө…

0
0
273

ІІМ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін талқылады.

ІІМ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін талқылады. «Tengrinews.kz», 25.04.2014ж. ІІМ өз қызметіне орай үкіметтік емес ұйымдармен барлық бағыттар бойынша өзара әрекеттестікті жандандыратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "24 сәуірде министрдің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаевтың төрағалық етуімен ІІМ-нің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі Кеңестің екінші отырысы болып өтті. Оған министрліктің комитеттері мен департаменттерінің басшылары, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері қатысты. Кеңес жұмысының қорытындысында ішкі істер органдары қызметінің барлық бағытында ҮЕҰ-мен жұмысты жандандыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру бойынша мәселелерді әзірлеу туралы шеш…

0
0
230

Үйір жылқыларына GPS-навигатор жүйесін енгізу ұсынылды.

Үйір жылқыларына GPS-навигатор жүйесін енгізу ұсынылды. «Tengrinews.kz», 25.04.2014ж. Солтүстік Қазақстанның полицейлері ірі шаруа қожалықтарына өздерінің иелігіндегі жылқыларға GPS-навигатор жүйесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД сілтеме жасап. Полицейлердің пікірінше, бұл ұсыныс өңірдегі мал ұрлығының азаюына ықпал етпек. "Электронды мәліметтер базасын құру бұл мал ұрлығын болдырмаудың тек бастамасы ғана. Ал негізгі проблема жылқы малының үнемі жайылымда болатындығында болып отыр. Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 49 оқиға тіркелді", - деді СҚО ІІД криминальды полиция басқармасының басшысы Әсет Жүкенов. Қазіргі уақытта қожалық иелерімен малдарының қай аумақта жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін электронды жүйені қостыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүр…

0
0
526

Қарағандыда 80 келіден астам марихуана жойылды.

Қарағандыда 80 келіден астам марихуана жойылды. «ҚазАқпарат», 23.04.2014ж.Қарағандыда полицейлер 80 келіден астам марихуананы өртеуге жіберді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. «22 сәуір Қарағандының нан-макарон комбинатының аумағында Қарағанды облысыны ІІД-нің тергеу істерінде қылмыстық істер бойынша заттай дәлел болған есірткі заттарын жою жүргізілді», - делінген хабарламада. Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, нан зауытының мартен пешінде «марихуана» есірткі затының 80 келіден астамы жойылған. Есірткіні жою процедурасы арнайы комиссияның көз адында жүргізілді. Комиссия құрамында есірткіге қарсы күрес басқармасының, прокуратура, сот орындаушылар департаменті мен басқа қызығушылық білдірген органдардың өкілдері бар. «Осы күні жойылған 47 келіден астам марихуана…

0
0
216

Жамбыл облысында барымташылар құрықталды

Жамбыл облысында барымташылар құрықталды. «ҚазАқпарат», 23.04.2014ж.
Жамбыл облысының ІІД полиция қызметкерлері ірі көлемде жылқы ұрлаған барымташыларды ұстады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.

«Наурыз айының соңында Жуалы ауданының тұрғынынан белгісіз  біреулердің 13 жылқысын ұрлап кеткендігі жөнінде шағым кеп түсті. Қызметтік иттердің көмегімен қарақшылар Билікөл көлінің аймағында қуып жеткен», - деп анықтайды ІІД.
Ұсталғандар осыған дейін істі болған, Рысқұлов ауданының тұрғындары екені анықталды. Жалпы келтірілген шығын көлемі 9,3 млн. теңгені құрап отыр. ҚР ҚК 175-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

0
0
222