Мазмұнға өту
msh

МСХ РК МСХ РК

@msh

Сайтта 2013 ж. 10 желтоқсанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

543

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

3

АШТӨ астық сақтау сыйымдылықтарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға өсіп, 12,6 млн. тоннаны құрады

Ағымдағы жылы барлық ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 21,2 млн. га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 14,9 млн. га, бидай – 11,7 млн. га. Майлы дақылдар 2 млн. га, мал азықтық дақылдар – 3,7 млн. га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 425 мың га алқапта орналастырылды. Бұл ретте 2014 жылмен салыстырғанда дәнді жемдік, жарма, бұршақты дақылдардың алқаптары 316 мың га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 12,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 400 мың га, қант қызылшасы – 7,4 мың га көбейді, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүргізілетін егіс алқаптарын әртараптандыру саясатының оң нәтижесі болып табылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша егін жинау жұмыстары барлық аймақтарда өткізілуде. Сондай-ақ, биыл егін ору науқаны өткен жылдағы көрсеткіштерге…

1
0
562

ҚР АШМ аймақтық ветқызметтерде тексеріс жүргізуде

2012 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Халықаралық эпизоотиялық бюромен келісілген, ветеринарлық қызметті модернизациялау стратегиясы қабылданды. АШМ жанындағы ғылыми-техникалық кеңестің шешімі бойынша 2011 жылы аусыл және бруцеллез сияқты аса қауіпті а/ш жануарлардың ауруларымен күресу стратегиясы мақұлданды. Қазақстан аусылды бақылау бойынша ұлттық бағдарламаны жүзеге асыруда маңызды жетістіктерге қол жеткізді. 2015 жылы мамыр айында 9 облысқа вакцинасыз аусыл бойынша таза аймақ мәртебесі берілді. Сондай-ақ, ШҚО мен оңтүстік облыстары үшін вакцинациямен аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін алу үшін өтінім берілді. Соңғы 2,5 жыл ішінде аусыл ошағы тіркелмеген, бұл АШМ мен ветеринарлық қызметтің күшін бруцеллезбен күресуге бағыттауға мүмкіндік берді. Бруцеллезбен күресу стратегиясын…

0
0
761

Алтын астыққа аттаныс

Қызылжар өңірінде шығарылған жаңа комбайндарды сынақтан өткізу басталды Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен Аққайың ауданы «Солтүстік Қазақстан тәжірибе шаруашылығы» ЖШС базасында орақ науқанына қатысты барлық шараларды қарастыруға арналған «Алқап күні» семинар-кеңесі өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров, А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Жексенбай Қасқырбаев, аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері, аумақтық және облыстық ведомстволардың, аумақтық инспекциялардың, «ҚазАгро» АҚ филиалдарының, аудандық ауыл шаруашы­лығы және ветеринария бөлімдерінің, астық қабылдау кәсіпорындарының басшылары, ғалымдар қатысты. Алқалы басқосу басталар ал­­дында қатысушылар «Сол­түстік Қазақстан тәжірибе ша­руашылығы» ЖШС-нің…

0
0
950

ОҚО-да қолда өсірілген дуадақтар ұшырылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бетпақдалаға құс атасының сұлуы атанған дуадақтың тағы 100 балапаны ұшырылды. Олар – жергілікті тұқымбақта жұмыртқа жарып шыққан үш айлық балапандар. Еркіндікке жіберілген дуадақтарды табиғат қорықшылары мен ғалымдар қыста қай бағытқа ұшып кететінін және олардың қай жерде көбейетінін зерттейтін болады. Бетпақдала төсіне еркіндікке жіберілген дуадақтар – оңтүстіктегі ғылыми-зерттеу тұқымбағында жұмыртқа жарып шыққан үш айлық балапандар. Мамандар адам қолына жылдам бейімделген дала құсының оңтүстіктің қатал табиғатына да тез сіңісіп кететініне сенімді. Бетпақдала төсіне еркіндікке қазір ғана жіберілген дуадақтар – осыдан бірнеше уақыт бұрын табиғат аясындағы жабайы құстардың ұясынан теріп алынған жұмыртқаны жарып шыққан балапандар. Жалпы дуадақтың бұл түрі Жие…

0
0
734

Қазақстан табиғаты аясына жорға дуадақтары жіберіледі

Жорға дуадақтарын қорғау халықаралық қоры 2015 жылдың 18 тамызы мен 18 қыркүйегі аралығында жорға дуадақтарының өсімін молайту орталықтарында өсірілген 1400 жорға дуадағын Қазақстан табиғаты аясына жібереді. Мұнымен 120 құсқа қимыл-қозғалыстарын бақылау үшін арнайы спутниктік құрылғыларды бекіту жоспарлануда. Жорға дуадақтары Бетпақ-Дала мен Қызылқұм аймақтарынан ұшырылмақ. Аталмыш құстың қоныс аударатын ең көп саны дәл Қазақстан аумағында өніп-өседі. Бұрынырақ, 2009-2015 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына 5 300-ден аса жорға дуадақтары ұшырылды. Ғалымдар орнатылған спутниктік құрылғылар арқылы жіберілген құстардың қимыл-қозғалыстарын бақылай алды. Сондай-ақ, ұшырылған жорға дуадақтары Қазақстанның табиғи ортасына бейімделіп, қыстау кезеңінде өздеріне туыстас жабайы құстардың дәстү…

0
0
1527

Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында браконьерлер қарақұйрық пен киіктерді заңсыз аулады

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе өткізген рейд барысында Оңтүстік-Қазақстан облысы Арыс ауданының аумағында мотоцикл мінген 34 жасар азаматты тоқтатты.
Көлікті тексерген кезде қарақұйрықтың еті мен 12 калибрлі мылтық табылып, тәркіленді.
Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.
Сондай-ақ, «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының аумағында мотоцикл басқарған браконьерден киіктің 5 өлексесін анықтап, тәркіледі.
Ұсталу орнына Қаражал қ. ІІБ-нің жедел тобы шақыртылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

0
0
3138

ҚР АШМ мен БАӘ Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БАӘ Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Қазақстандық тараптан құжатқа Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов, ал БАӘ тарабынан Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрінің орынбасары Жоғары мәртебелі Сұлтан Абдулла Сұлтан қол қойды. Құжат екі ел арасындағы ветеринария саласындағы өзара ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге бағытталған. БАӘ Қазақстан үшін тірі жануарлар мен оның өнімдерін, сондай-ақ азықтық дақылдарды экспорттауға мүмкіндік беруде. Сондай-ақ, сапар барысында делегация мүшелері еліміздің мал шаруашылығы кешендерін аралап, ветеринариялық ұйымдардың жұмыстарымен танысты. Анықтама: Париж қ. 24 мамыр мен 31 мамыр аралығында 180…

0
0
597

ШҚО заңсыз арқарларды атқан үш браконьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері рейд барысында үш браконьерді қолға түсірді.

Тексеріс барысында арқардың 2 ұшасы мен 16 калибрлі мылтық анықталып, тәркіленді.

Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.

Анықтама:
Арқар халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» (IUCN) енген. Бүгінде арқарлар Қазақстанда сирек кездесетін жануарлардың қатарына жатады, олардың саны республика бойынша шамамен 14737 дарақты құрайды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Тел.: 555-765

e-mail: [email protected]

www.minagri.gov.kz

0
0
1336

ҚР АШМ Ветбақылау комитеті эстониялық және латвиялық балық өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізді

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен Латвиялық және Эстониялық балық өңдеуші кәсіпорындарында өндірілген балық өнімдерінің құрамында бензапиреннің рұқсат етілген деңгейден артық болуына байланысты дайын және консервіленген балық өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге уақытша шектеу енгізілді.
Аталмыш шара Россельхознадзор тарапынан өткізілген Латвиялық және Эстониялық балық өңдеуші кәсіпорындарын инспекциялау нәтижелері бойынша жасалған алдын ала есебінің негізінде қабылданды.
Анықталған фактілер Еуразиялық экономикалық одағының ветеринарлық-санитарлық талаптарына сай келмейтінін атап өткен жөн.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

0
0
777

ҚР АШМ тұтынудағы сүт импортының үлесін 18%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр

«100 нақты қадам» ұлттық жоспар шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға стратегиялық инвесторларды тарту бағытын жүзеге асыруда. Негізгі міндет – үш жыл ішінде ТМД елдерінің нарығына өндірілген өнімнің жартысына дейін экспортқа шығару. 2014 ж. қорытындысы бойынша Қазақстанда 5,0 млн. тоннадан астам сүт өндірілді (оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарда – 82%, ауыл шаруашылығы құрылымдарында – 18%). Мұнымен, сүтті қайта өңдеу үлесі жалпы өндіріс көлемінің 40%-ын құрайды. Мұнымен, сүт нарығында ірі қайта өңдеушілер қатарына екі трансұлттық компания кіреді: Danon (қуаттылығы жылына 15 мың тонна сүтті қайта өндеу) және Lactalis (Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қуаттылығы жылына 172 мың тонна 3 сүт өндіруші зауыттар). Республик…

0
0
344