Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ШҚО заңсыз арқарларды атқан үш браконьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері рейд барысында үш браконьерді қолға түсірді.

Тексеріс барысында арқардың 2 ұшасы мен 16 калибрлі мылтық анықталып, тәркіленді.

Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.

Анықтама:
Арқар халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» (IUCN) енген. Бүгінде арқарлар Қазақстанда сирек кездесетін жануарлардың қатарына жатады, олардың саны республика бойынша шамамен 14737 дарақты құрайды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Тел.: 555-765

e-mail: [email protected]

www.minagri.gov.kz

 
0
0
1338

Осы тақырып бойынша