Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР АШМ Ветбақылау комитеті эстониялық және латвиялық балық өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізді

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен Латвиялық және Эстониялық балық өңдеуші кәсіпорындарында өндірілген балық өнімдерінің құрамында бензапиреннің рұқсат етілген деңгейден артық болуына байланысты дайын және консервіленген балық өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге уақытша шектеу енгізілді.
Аталмыш шара Россельхознадзор тарапынан өткізілген Латвиялық және Эстониялық балық өңдеуші кәсіпорындарын инспекциялау нәтижелері бойынша жасалған алдын ала есебінің негізінде қабылданды.
Анықталған фактілер Еуразиялық экономикалық одағының ветеринарлық-санитарлық талаптарына сай келмейтінін атап өткен жөн.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

 
0
0
779

Осы тақырып бойынша

ҚР АШМ Ветбақылау комитеті эстониялық және латвиялық балық өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізді - Yvision.kz