Қостанай облысында асыл тұқымды малының төлдерін сату бойынша халықаралық аукцион өтуде
Қостанай облысы Қарабалық ауданында Абердин-Ангус асыл тұқымды малының төлдерін сату бойынша Бірінші халықаралық аукцион өтті. Аукцион ең алдымен «Сыбаға» бағдарламасының қатысушыларына, сондай-ақ асыл тұқымды малды өсірушілер мен басқа да қызушылық танытқан тұлғалар үшін ұйымдастырылды. Аукцион асыл тұқымды төлдерді сатып алудың ең демократиялы тәсіл болып табылады, бұл ықтимал сатып алушылардың малдарды көзбе-көз бағалауға мүмкіндік береді. Аукционға барлығы 310 бас мал сатуға шығарылды, соның ішінде 180 ұрғашы және 130 еркек бұзаулар. Ұрғашы малдардың жасы 12-14 ай, орта салмағы – 350 кг. Еркек бұқалардың жасы 13-14 ай, орта салмағы – 480 кг. Бүгінгі таңда Қазақстанда 50-ден астам шаруашылықтар абердин-ангус тұқымды өсірумен айналысады. Оның ұстаудың тиімділігі – өнім бірлігіне жұмсалғ…
Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау орман шаруашылығы аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері мен Түркістан қ. ҚІІБ табиғатты қорғау полиция инспекторлары бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында үш браконьерді қолға түсірді.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен жүргізілген рейділік шаралар барысында қытай елінде шығарылған аумен майқан (үскіш) балығын заңсыз аулаған Шығыс-Қазақстан облысының 3 тұрғыны ұсталынды.